Сұрақтар мен тапсырмалар
1.ХІІ ғ.испанадықтар арабтардан қай жерлерді азат етті?
2. І Альфонс қашан заңдар жинағын шығарды
3.Кортес дегеніміз не ?
4.Қай жылы негізгі испан жерлері бірікті?
115
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Кортес дегеніміз қандай мағына береді?
А) Әскери атақ В) Әлеуметтік өкілдер жиыны С) Жеделдетіл-
ген сауда қатынасы
Д) Елдердің бір-бірімен байланысы Е) Ерікті қауым түрі
2.ХІІ ғ. испандықтар арабтардан азат еткен жерлер
А) Португалия В) Арагон,Валенсия,Балеар С) Наварра
Д) Андалузия мен Мурсияны,Кардова, Савилья Е) Кастилия
§ 22 .ХІ-ХҮ ғғ.Италия
1.ХІ-ХІІ ғғ.Италия.Қалалардың дамуы, күресі.
2. ХІІІ-ХІҮ ғғ.Италия.Дольчино көтерілісі.
3. ХҮ ғ.Италия.
ХІ-ХІІ ғғ. Италия. Қалалардың дамуы, күресі.
ХІ-ХҮ ғғ.
Италия Англия мен Францияға қарағанда көптеген саяси бірлес-
тіктерден тұрды. Соның ішінде үш аймақты бөліп қарастыруға
болады:
Солтүстік Италия
және
Тоскана
,
Папа обылысы
,
Оңтүстік Италия
және
Сицилия.
Италияның шағын аумағында (300 мың.шаршы км.)
278
қалалар бар еді. Сондықтан Италия ең алдымен қалалар мен
қала мәдениетінің елі болды. ХІ-ХІІ ғғ.Солтүстік Италия мен
Тосканада
сауда
мен
қолөнер
дамыды. Миланда, Пьяченцеде,
Флоренцияда, Пизада, Сиен де
жұқа шұға
, Луккада
жібек
ма-
талар өндірілді. Генуяда, Венецияда
кемелер
жасалды. Милан
қару
,
металдан құрал-сайман, жүн тарайтын тарақ
жасаудың
орталығы болды.
Италия қалаларының қолөнершілері мен саудагерлері цех-
тық корпорацияларға бірікті. Қолөнердің дамуы сауданың өсуі-
не әкелді. Мәселен,
Миланда
жылына төрт рет
жәрмеңкелер
өт-
кізіліп, онда қару-жарақ, шұға, шығыс тауарлары сатылды.
Феррарде жылына екі рет жәрмеңке болып, оған Тосканадан,
Ломбардиядан, тіпті Франциядан саудагерлер келді. Италия
қалалары
Алжир, Тунис, Марокко, Египетпен
сауда байла-
ныстарын жасады. Крест жорықтарының кезінде порт орта-
лықтары:
Анкона, Пиза, Генуя, Венеция
Византия және
116
Левантамен тығыз байланыс жасап, ол жақтарға шұға, астық,
металл бұйымдарын апарса, Еуропаға мақта, бояулар, хош иісті
қоспалар әкеліп керемет байыды.
Қолөнер мен сауданың одан әрі дамуына феодалдық тәр-
тіптер кедергі жасады. Барлық шаруашылық және саяси мәсе-
лелерді шешу құқы феодалдардың қолында еді. Сондықтанда
пополандар саудагерлер
, қолөнерші тұрғындар мырзаларына
қарсы ашық көтерілістерге шықты. Оларды ұсақ рыцарьлар
қолдады.
1035
жылы пополандар Миланнан мырза-архиепи-
скоптарды қуып шығып, қала тәеулсіз
коммунаға
айналды.
ХІІ ғ. осындай тәуелсіздікке
Болонья,
Мантуя, Пиза, Кремона,
Феррара
және т.б. қалалар жетті.
Италия қоғамының саяси және әкімшілік орталығы қыз-
метін қалалық
коммуналар
атқара бастады. Ондағы билік
кон-
сулдар коллегиясының
қолында болды. Олар көпестер мен қала-
ның текті тұрғандарынан сайланды. Қолөнершілер мен ұсақ сау-
дагерлер коллегияға енгізілмеді. Коллегия атқарушы орган бол-
ды, ал заң шығару билігі кеңестің қолында болды. Коммунаның
барлық табыстары қаланың қажетіне жұмсалды. Мұндай жағдай
қалалардың дамуына әсеретті. Қалалар қала-мемлекет-
респуб-
ликаға
айналды.
Флоренция
осындай қалаға жататын.
Орталық Италияны
алып жатқан
Папа обылысы
басқаша
дамыды. ХІ-ХІІғғ.папа обылысының аумағы кеңейіп, оған
Тоскананың
,
Сполетоның
,
Беневентоның
бір бөлігі қарады.
Экономикалық жағынан Папа обылысы Солтүстік Италиядан
артта қалды. Қалалар баяу дамып, деревняда феодалдық тәуел-
ділік үстемдік етті. ХІІ ғ.Оңтүстік Италия мен Сицилия -
Сицилия корольдығына
бірікті. Бұл корольдықта феодалдық
қатынастар баяу дамып, экономикалық жағынан Солтүстік және
Орталық Италиядан артта қалды. Оңтүстік Италия қалалары
тәуелсіздіктерін ала алмай, орталық билікке бағынды.
Солтүстік және Орталық Италия
деревняларына тауар-
ақша қатынастарының ерте енуіне байланысты ХІ-ХІІ ғғ. шар-
уалардың негізгі бөлігінің жеке басы бос болды. ХІІІғ. шаруа-
ларға жеке басының бостандығын жаппай беру аяқталды. Мә-
селен,
1256 ж. Болоньяда
6 мың
шаруалардың
босатылғандығы
туралы акты жарияланды. Еркіндік алған шаруалардың бір
117
бөлігі қалаларға жұмысқа тұрса, бір бөлігі жерді жалға алу-
шыларға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |