110
4.
ХІҮ ғ.Англияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай еді?
5.Екі раушандар соғысы қалай аяқталды?
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1
.
Кім 1066 жылы Лондон қаласын жаулап алып өзін Англияның
королі деп жариялады
?
А) Вильгельм В) Канут С)Оттон Д) Генрих Е) Алфред
2.ХІғ.
Англия халқының
қанша
пайызы
ауылдық жерлерде тұрды?
А) 40 В) 50 С)75 Д)95 Е)80
3
.
Ағылшын феодалдық иелігі орта ғасырда не деп аталды?
А) Вилла В) Поместье С) Манор Д) Бокленд Е) Манс
Ағылшын парламенті қашан құрылды?
А)1265 ж. В)1270 ж. С)1325 ж. Д)1450 ж. Е)1290 ж
§ 20. ХІ-ХҮ ғғ. Солтүстік Еуропа елдері
1.Солтүстік Еуропа елдерінде феодализмнің орнауы.
2.Бұл аймақта феодалдану үрдісінің ерекшеліктері.
Еуропаның солтүстігіндегі
ІХ-ХІ ғасыларда Скандинавия
елдері – Дания, Норвегия, Швеция феодалдық даму жолына
түсті. Мұнда, Еуропаның солтүстік шетінде, феодалдандыру
және алғашқы феодалдық мемлекеттердің қалыптасу үрдістері
Батыс Еуропаның көптеген басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда
кейін басталды. ҮІІІ ғасырда Дат корольдігі құрылды, ІХ ға-
сырдың ақырынан біріккен Норвегия корольдігі, ал ХІ ғасырдан
– Швеция корольдігі қалыптаса бастады.
Норвегияда 1274 жылы король Магнус Заң шығарушы ай-
мақтық сот істерін алмастырған жалпы норвегиялық құқық жи-
нағын шығарды. Шаруалар, жеке басы азат болып қала тұрса да,
саяси өмірге қатынасудан шеттетілді.
Тәуелсіз шаруалар-жеке-
шелер көбінесе таулы аудандарда сақталып қалды. Шіркеу мен
ақсүйек жер иелеріне норвегиялық бондтарды жеке бас бостан-
дықтарының қалдықтарынан айырудың және оларды басы-
байлыларға айналдырудың сәті бәрі бір түспейді. Айдауға жа-
рамды жерлердің аздығы мен хутор – хутор болып қоныс-
танудың етек алуы жағдайында барщина дами алмады, до-
111
мениальды шаруашылық болмашы мөлшерде ғана болды. Азық
– түлік түріндегі рента басымдылық етті. Шаруалардың борыш-
тарлықтары негізінен мемлекетке пайда түсіріп отырды.
ХІІ ғасырда Норвегияға қарағанда Данияда корольдік
билікке жылдамырақ қол жетті. Король І Вальдемар (1157 –
1182)
қарсыластарын талқандап, шіркеумен одақтасу арқылы
өзінің билігін күшейтті. Өз жағдайын нығайтуға тырысып, гер-
ман императоры І Фридрих Барбароссаға ант берді. Данияда
мемлекеттік істерге шіркеудің ықпалы өте зор болды. Дін иелері
корольден иммунитеттік артықшылықтар алды, әрі феодалдық
қатынастардың салтанат құруына көптеген жағдай жасады.
Дания өзге Скандинавия елдеріне
қарағанда Батыс Еуропаның
дамыған феодалдық ықпалына көбірек ұшырады.
Славяндық Поморьеге (Теңіз бойына) қарсы крест жорық-
тары дат феодалдары тарапынан барып тұрған қаталдықпен
жүргізілді. Балтық славяндары күштеп христиан дініне кіргі-
зілді. Данияның эсттерге қарсы соғыстары Нарва мен Таллин
аудандарын (ХІҮ ғасырдың орта шенінде бұл иеліктер Тевтон
орденіне сатылды) бағындырумен қабаттаса жүрді. Император-
лық биліктің әлсіреуін дат корольдері Солтүстік
Германияны
басып алуға пайдаланды. ІІ Вальдемар (1202-1241) Гольштиния-
ны, Гамбургты және басқа территорияларды өзіне бағындырды.
Любек оның қорғауында болды. Алайда көп ұзамай осы иелік-
тердің барлығы солтүстік герман қалалары мен Дитмаршен
(1227 жылы) шаруаларының Вальдемарды талқандап жеңуі нә-
тижесінде қолдан кетті.
Қоғамның феодалдану үдерістері ХІІ ғасырдың бас кезіне
жататын дат құқығының алғашқы жазбаларынан жене ІІ
Вальдемар
тұсында жасалған Данияның жер хаттамасынан орын алды.
Швецияда феодализмнің орнауы Дания мен Норвегияға
қарағанда баялау жүрді. Мұнда да меншікті жері болмаған жер
ұстанушылардың саны біртіндеп өсіп отырғаныменен,
шаруа-
лардың көп бөлігі ірі жер иелеріне тәуелсіздігін сақтады.
Мансапқор сословие қорольдік билікті нығайту жолындағы кү-
рес пен ХІІ ғасырда басталған Финляндияны жаулап алу ба-
рысында қалыптасты. Жергілікті ақсүйектер аймақтардың өзі-
мен – өзі болушылығын және сайланбалы корольдік өкіметті
112
сақтауға тырысканымен жеңіліске ұшырады.Өз ара қырқысу
соғыстарының кезіңде корольдік билеуші мен жасақ басты-
ғының, Ярлдың жағдайы нығайды. Ярл Бригер Финляндияға
қарсы крест жорығын (1249-1250) басқарды,
әрі оның батыстағы
аймақтарын Швецияға бағындырды. Оған шіркеудің қолдауы-
мен өзінің ұлын таққа отырғызу мен жаңа әулетті негіздеудің
(1250) сәті түсті. Швед феодалдарының Руське басып кіріп,
Неваның сағасын қолға түсірмек болған талабы Новгород кнәзі
Александр Ярославичтың (Нева шайқасы) оларды талқандауы-
мен аяқталды.
Корольдік биліктің нығаюы тұрақты салықтардың өнді-
рілуі мен бондтар жағдайының нашарлауын ілестіре жүрді. ХІІІ
ғасырдың екінші жартысында швед феодалдары – фрельстер бір
жолата үстем сословиеге айналды. Фрельстер атты рыцарь қыз-
метін атқарды және салық төлеуден толық азат етілді.
Швеция мен Норвегиядағы
кальмар униясын сақтау
жолында және оған қарсы жүргізілген күрестің нәтижесі бірдей
болған жоқ. Норвегтік бюргерлік әлсіз, әрі Любек пен
Ростоктың көпестері тарапынан кәсіпкерлік қызметтен шетте-
тілген күйде қалып қойды. Ганзаның құлдырауымен байланыс-
ты ХҮ ғасырдың соңында неміс көпестері Норвегиядағы өз-
дерінің
позицияларын жоғалта бастады, олардың орнын елден
сыртқа ағаш тасушы голландтар, сондай-ақ ағылшындар, шот-
ландтар мен датчандар алды. Әлсіз норвег дворяндары азаттық
қозғалысын басқаруға қабілетсіз болды. Бұл кезеңде Норвегия,
Шотландия корольдерінің қол астына өтіп кеткен Оркней мен
Шотланд аралынан айрылып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: