Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет69/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Уот Тайлер көтерілісі.
 
ХІҮ ғ. 60-70 жж. 100 жылдық со-
ғысқа байланысты Англияның экономикалық жағдайы нашар-
лап кетті. Ағылшын үкіметі парламенттен елге салық салуды кө-
бейтуді сұрады. Бұл елдегі әлеуметтік жағдайды нашарлатып 
жіберді. Әр түрлі қозғалыстар пайда болды. 
Джон Виклеф
және 
оның жолын қуушылар шіркеудің жер иелігіне қарсы болып, 
құлшылық етуді ағылшын тілінде жүргізуді талап етті. 
1381
жылдың мамыр айының соңында Англияның оңтүстік – шығы-
сындағы Эссекс графтығында 
Уот Тайлер
бастаған шаруалар 
көтерілісі басталды. Маусымның 13-15 күндері Лондонды басып 
алды.15маусымда 
Смитфилде корольмен
кездесу кезінде Тайлер 
өлтірілгеннен кейін көтерілісті король әскері басып тастады. 


109 
Уот Тайлердің өлтірілуі.Минатюра. 
Алқызыл және ақ раушандар соғысы.
Плантагенеттер 
әулетінің соңғы өкілі 
ІІ Ричард 1399
жылы жақын туысы Генрих 
Ланкастердің төңкеріс жасауының нәтижесінде тақтан құлаты-
лып ҮІГенрих Ланкастер таққа отырды. Сөйтіп, Ланкастерлер 
әулетінің корольдық құруы басталды. Басқаның жерін жаулап 
алу соғысы жеңіліспен аяқталғаннан кейін ағылшын барондары 
Англиядағы жерлерді қайта бөлу үшін өз ара қырқысулар жүр-
гізді. Ақсүйектер арасындағы соғысты халық 
екі раушанның со-
ғысы
деп атап кетті. 
Қызыл Раушан
Ланкастерлер әулиетінің 
белгісі, 
ақ раушан Иорк
әулетінің белгісі болды. Екі әулеттің 
арасындағы соғыс ұзақ жүргізілді. 
1485
жылдың 22 тамызын-
дағы 
Босворт
деген жердегі соғыста Ланкастерлер әулетінің 
туысы 
Генрих Тюдор
жеңіске жетіп, ҮІІ Генрих деген атпен 
король болып жарияланды.Сонымен Англия тағына 
Тюдорлар 
әулеті келді(1485-1603 жж.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет