Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Византияның қалпына келтірілуі



Pdf көрінісі
бет57/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Византияның қалпына келтірілуі. 
Византия империясы-
ның өмір сүруінің соңғы ғасырларында феодалдық қатынастар 
үстемдік етті. Фракия мен Македонияда ерікті шаруалар фео-
далдық тәуелділікке түсті. 
Париктерге
яғни тәуелді шаруаларға 
бір феодалдан екінші феодалға көшуге тиым салынып, шаруалар 
басы байлыға айналды.Феодалдық иммунитет орнықты, өз же-
рінде салық жинау құқығы, сот және әкімшілік құқықтары фео-
далдарға берілді. Шаруалардың, қала халқының экономикалық 
жағдайлары құлдырап кетті. Олардың салық төлеуге мүмкін-
діктері болмағандықтан Византияның соңғы кезеңінде натурал-
ды шаруашылық және жұмыспен өтеу рентасы көп қолданылды. 
Елдегі әлеуметтік жағдайдың шиеленісуінің нәтижесінде ХІҮғ. 
40-шы жылдары қаланың тұрғындарының қозғалысы өршіп кет-
ті. Қозғалыстар 
Адрианопольде,
Гераклейде

Солуниде
және т.б. 
қалаларда болды. Әсіресе 
1342-49
жж. 7 жылды қамтыған 
Солуни
қаласындағы 
зилоттар 
(зилоттар 
ашулы

өрекпе
деген 
мағынаны білдіреді) қозғалысы ерекше болды. Көтерілісші-
лердің басында қаланың ауқатты саудагерлері, әкімшілік ше-
неуніктері тұрды. Көтерілісшілердің қолында 
Константино-
поль

Фессалоника
болды. Алайда, көтерілісшілер елде дұрыс 
реформа жасай алмады, не басқару түрін өзгерткен жоқ.
1349
жылы көтерліс басылды. 


89 
Византияның құлауы.
Византияның әлсіздігін пайдалан-
ған осман түріктері 
1352
. Галлипол түбегіндегі 
Цимпе 
қамалын 
басып алды. Сөйтіп, Балқанға жол ашылды. 
1362 
ж.
І
Мұрат 
Адрианопольды жаулап алып, өз астанасын соған көшірді.
1371ж. 
Марице өзенінің бойында және. 1389 ж.15 шілдеде 
Оңтүстік Сербияның Косово даласында үлкен шайқас болды. 
Серб королі Лазарь 80000 әскерімен шайқасқа шықты. 
Түріктердің күші үш есе көп еді.Сербтер жағында босниялықтар 
және венгрлер соғысты. Шайқастың қызып жатқан кезінде серб 
патриоты 
Милош 
түрік сұлтаны
ІМұраттың
шатырына кіріп, 
сұлтанды өлтірді. Бұл жағдай шайқастың нәтижесіне әсерін ти-
гізген жоқ. Себебі ІМұраттың баласы Баязид сұлтан болып, әс-
керді басқарды. Король Лазерь тұтқынға түсіп өлтірілді. Осы 
шайқас жайында сербтердің 
«Милица»
деп аталатын халық эпо-
сы бар. Милица серб патшасының аты. Бұл шайқастан кейін 
Сербияның біраз бөлігі түріктердің қол астына өтті. 
1396 жылы Никополь
түбінде түріктердің кресшілерді жеңуі 
Константинопольдың құлауының бастамасын жасады. Түрік 
сұлтаны І
Баязид
( 1389-1402 жж.)
Византияны жаулайтын-ды-
ғын жасырмады. Алайда 
1402 ж
.Темір әскерлері түріктерге 
үлкен соққы берді. Сөйтіп, Византияның құлауын 50 жылға 
кешіктірді. 1402 ж.үлкен әскерімен Кіші Азияға енген Ақсақ 
Темір әскері І Баязид әскерін 
28 шілдеде Ангор
түбінде тал-
қандады. Темір әскерінің теңіз күші болмағандықтан Түркияның 
Еуропа бөлігіне кіре алмай Орта Азияға кейін қайтып кетті.
І Баязид өлтірілгеннен кейін сұлтандыққа талас ел бірлігін бүл-
дірді. Тек сұлтан ІІ Мұрат (1421-1451 жж.) таққа отырғаннан 
кейін елдегі алауыздық тоқтады. 
Византия императоры Еуропадан түріктерге қарсы одақ 
іздеуін тоқтатпайды. Нәтижесінде, 
1444 
ж.түріктерге қарсы 
жаңа 
крест жорығы
ұйымдастырылды. Бұл жорыққа поляк, 
чех, мадьяр, неміс, француз және т.б. еуропалық рыцарлар қа-
тысты. 1444 ж.10 қарашасында түріктер Варна түбінде 
рыцар-
ларды
жеңді.
Константинополь 
1453 ж. 29 мамырда
құлады. Византия-
ның соңғы императоры 
ХІ Константин
еді. Ал, Константино-


90 
польды жаулаушы сұлтан ІІ Мұраттың мұрагері сұлтан
ІІ Мехмед
болатын . 
ІІ Мехмед Константинопольды 2 ай бойы 200 мың әс-
керімен қоршауға алған еді. Константинополь Түркия аста-
насына айналдырылды. Юстиниан дәуірінде салынған қаладағы 
әулие София соборы сұлтанның негізгі «Ая Суфия» мешітіне 
айналдырылды. Константинополь - 
Стамбул
деп аталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет