Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет56/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Крест жорықтарының қарсаңындағы Таяу шығыстағы 
жағдайды сипаттаңыз? 
2.Крест жорығының себептерін көрсетіңіз. 


86 
3.Бірінші жорықтың нәтижесін атаңыз? 
4.Діни-рыцарлық ордендер туралы не білесіз? 
5.Крест жорықтары қандай нәтижемен аяқталды? 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. 
Крест жорықтары қай жылдарды қамтиды?
А)1096-1270 жж. В)1096-1227 жж С)1096-1230 жж Д)1096-
1248 жж Е)1096-1320 жж 
2. 
Иерусалим короьлдігі нешінші крест жорығының нәтижесін-
де құрылды? 
А)5 В)3 С)4 Д)1 Е)7
3. 
Крест жорықтары деп Еуропа феодалдарының қай өңірге 
қарсы бағытталған әскери-отарлық жорықтарын айтамыз? 
А) Солтүстік Африка В) Таяу Шығыс С) Солтүстік Еуропа Д) 
Оңтүстік Шығыс Азия Е)Орталық Азия
 
§ 16. ХІ-ХҮғғ. Византия 
 
1.ХІ-ХІІ ғғ. Византиядағы саяси- экономикалық дағдарыс. 
2. Византияның қалпына келтірілуі. 
3.Византияның құлауы. 
ХІ-ХІІ ғғ. Византиядағы саяси-экономикалық дағдарыс
.
Византияда феодалдық қатынас ХІғ. аяғы мен ХІІғ. басында 
қалыптасуын аяқтады. Осы кезеңде феодалдық вотчинаның 
негізгі белгілері қалыптасып, ерікті шаруалардың басым көп-
шілігі феодалдық тәуелділікке түсті. Феодалдардың бытыраң-
қылығын тежей отырып, оларды орталық үкіметке бағындыруға 
ұмтылған император оларға ерікті шаруалардан түскен салық 
табысынан жалақы, мемлекет пайдасы үшін көрсеткен қызме-
тіне сыйлық ретінде ерікті шаруалар жерінен жер бөліп беріп 
отырды. Бұл сыйлықтар ХІ ғ. мемлекет жерін жеке адамға беру 
прониялар 
деп аталды
.
Ал, ХІІ ғ.прониялар әскери қызмет атқар-
ғаны үшін ақсүйектерге өмір бойы пайдалануға берілді. ХІ аяғы 
мен ХІІ ғ.жай вотчиналадың да, прониялардың да өздерінің қа-


87 
рулы күшері, өз соттары, өз түрмелері болды. Феодалдық иерар-
хия қалыптасты. 
ХІ-ХІІ ғғ.қалалар гүлденіп, дамыды. Византия қалалары 
батыс елдердегідей жеке феодалдарға бағынбады. Қалалар мем-
лекетке бағынды. Қаланы императордың тағайындаған стратигі 
басқарып, ол жалдамалы әскермен қамтамасыз етілді. ХІ ғ. ая-
ғынан бастап Византия императорлары Италия республика-
ларының (
Венеция Генуя, Пиза
) әскери көмегіне жүгінген еді. 
Сондықтан италияндық саудагерлерге салықсыз сауда жасауға 
рұқсат берген болатын. Ал басқа елдердің көпестері мен жер-
гілікті көпестерге қазына баж салығын көп салды. Қала халқы-
ның феодалдарға қарсы емес, феодалдарға артықшылық жасап 
отырған мемлекетке яғни император өкіметіне қарсы күресуіне 
тура келді. 
1081 жылы І Алексей Комнинді ірі жер иеленуші ақсүйек-
тер император етіп сайлады. ХІІ ғ. басындағы көшпенділердің, 
нормандардың жойқын шабуылдары Византияны әлсіретіп кет-
ті. Император 
І Мануил
Комниннің ( 1143-1180 )
әскерлері нор-
мандардан үлкен жеңіліс тапты. Ал, 
1176 ж. Мануил
әскерлері 
Мириокефал түбінде
түріктерден үлкен жеңіліске ұшырап, 
бүкіл шекарасында қорғанысқа көшті. Осы жеңілістен кейін 
Византия империясы үлкен дағдарысқа ұшыраған еді. 
І Андроник Комнин кезінде шенуініктердің жемқорлығы-
на қарсы салықтың мөлшерін, жинау мерзімі мен тәртібін бел-
гіледі. Мемлекеттік лауазымды қызметті сатуға тиым салынды. 
Алайда салық бұрынғысынша көп мөлшердегі күйінде қалды. 
Италия саудагерлерінің саудасына тиым салынбады. 1171 ж. 
Мануил жойған Венеция саудагерлеріне берілген артықшылық 
қалпына келтірілді. Мұның өзі Константинополь тұрғындары-
ның император өкіметіне деген наразылығын туғызды . Андро-
никке қарсы көтерілістер бірінен соң бірі болып тұрды, нәти-
жесінде 1185 ж.император тақтан түсіріліп, жазалап өлтірілді. 
Елдегі билікті 
ІІ Исаак Ангел (1185-1195 жж.)
өз қолына 
алғаннан кейін Андроник кезіндегі жүргізілген өзгерістердің 
барлығы жойылып, император қазынасы талан-таражға түсті. 
Ерікті халықтың жерлері пронияға үлестіріліп берілді. Халыққа 
қарсы салық езгісі күшейді. Империя енді бұрынғыдан да жедел 


88 
дағдарысқа ұшырады. Өзінің аумағынан айрыла бастады.
1183 ж. мадьярлар Далмацияны
, сербтер Македонияны басып 
алды. 
1184 ж.Кипр бөлектенді

1185 ж.солтүстік Болгария
Византиядан азаттық алды. 1187ж.бүкіл Болгарияның тәуелсіз-
дігін мойындауға мәжбүр болды. 
1190 
ж.Балкан түбегінің сол-
түстік-батыс бөлігіндегі 
Сербия
тәуелсіздігін алды. 
ХІІІ ғ.басында ішкі және сыртқы саясатта дағдарысқа 
ұшыраған Византия 4-ші крест жорығының (1
202-1204 жж)
оңай олжасына айналды. Византия өзінің өмір сүруін уақытша 
тоқтатты. 
1204ж. 
Византия жерінде 1204-1261 жылдар аралы-
ғында өмір сүрген 
Латын империясы
деп аталған мемлекет 
пайда болды Ол Батыс Еуропа барондарының кнәздық бірлестігі 
еді. Тек 
1261 жылы Никея
императоры 
ҮІІІ Михаил Палеолог
Константинопольды алып, Латын империясын жойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет