40
лер
немесе
вице-граф
деп атады. Бұларға
тунгиндер
– ұсақ әкім-
шілік округтердің жүз басылары бағынды.
Графтар сот мәселелерін жергілікті ауқатты адамдардан
тағайындалған сот коллегиясының мүшелерімен бірігіп отырып
қарастырды.
Империяда Карлдың өзі тағайындаған епископтар
әкімші-
лік
және
соттық қызметтерде
үлкен рөл атқарды. Жергілікті
жерлерді бақылау үшін орталықтан екі адамнан тұратын
реви-
зорлар
жіберіліп отырылды. Олар графтықтардағы жағдайды бі-
ліп, халықтың шағымдарын қарап отырды. Императордың жар-
лықтары жазба түрде жарияланып
капитулярий
деп аталды.
Бізге дейін Карлдың
250
капитулярийлері жеткен. Осылайша
Ұлы Карлдың кезінде тұрақты шенеуніктік аппарат қалыптасты.
Оның римдік дәстүрдің негізіндегі мемлекет құруға тырысқаны
байқалады.
Карл империясын орталықтандырылған мемлекет болды
деп айту қиын.
Графтар
, әсіресе алыс аудандардың графтары
өздерін орталықтан тәуелсіз жағдайда ұстады. Империяда
ар-
наулы
және
мамандырылған соттық
және
ақша палаталары
,
тұрақты салық
жинау жүйесі болған жоқ.
Сонымен бірге Карл империясының ішкі этникалық және
саяси бірлігі болмады. Жергілікті халықтар өздерінің әдет-ғұ-
рыптарымен өмір сүре берді.
ІХ ғ.басында феодалдық құрылыстың негізі-феодалдық
меншіктің қалыптасуы аяқталды. Осыған байланысты франк
қоғамындағы шаруашылықта елеулі өзгерістер жүргізілді. Егер
жерге байланысты төңкеріс басталғанға дейін-франк қоғамында
шаруашылықтың негізі селолық қауым-марка болса, 8 ғ.аяғы
мен 9 ғ.басында оның орнын феодалдық
вотчина
және оған ба-
ғынған басы байлы қауым алмастырды.
Каролингтер дәуірінде қалыптасқан ірі феодалдық жер
иеленушілік біркелкі болған жоқ. Жер иелерінің қарауындағы
жерлердің мөлшері мен сапасы әр түрлі еді. Феодалдық вот-
чинадағы жер 2 бөлімнен тұрды:1) Қожаның жері немесе
домен
;
2) Тәуелді шаруалардың пайдалануындағы
үлес жерлер
.
Достарыңызбен бөлісу: