Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Император Ұлы Карл. Ортағасырлық сурет



Pdf көрінісі
бет26/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Император Ұлы Карл. Ортағасырлық сурет 
 
оңтүстік Италия
жеріне дейінгі аумақты алып жатқан ірі 
империялық елге айналды. Сонымен бірге 
756 
жылы құрылған 
Папа мемлекеті де Ұлы Карл империясына вассалдық тәуелді-
лікте болды. 
800
жылы Карл Римге келгенде оған «
Римдіктер-
дің императоры
»деген атақты папа берді . 
Карл империясының басқару жүйесі
. Үлкен аумақты 
басқару үшін, Карл мемлекетті басқару жүйесіне өзгерістер ен-
гізді. Империяның орталық өкіметі король сарайы 
палаций
, онда 
ірі шенеуніктер палата 
графы
, а
рхиканцлер

камерарий

кон-
нетабль
болды. Жергілікті жерлерді графтар мен олардың кө-
мекшілері 
тунгиндер
басқарды. Корольдың бұйрықтары латын 
тілінде жазылды. Жергілікті жерлердегі ең ірі шенеуініктер 
графтар
еді. Олар әкімшілік округтерді басқарды. ІХ ғ. импе-
рияда 
98
графтық болған. Графтардың орынбасарларын 
викарии-


40 
лер 
немесе 
вице-граф
деп атады. Бұларға 
тунгиндер
– ұсақ әкім-
шілік округтердің жүз басылары бағынды. 
Графтар сот мәселелерін жергілікті ауқатты адамдардан 
тағайындалған сот коллегиясының мүшелерімен бірігіп отырып 
қарастырды. 
Империяда Карлдың өзі тағайындаған епископтар 
әкімші-
лік
және 
соттық қызметтерде
үлкен рөл атқарды. Жергілікті 
жерлерді бақылау үшін орталықтан екі адамнан тұратын 
реви-
зорлар 
жіберіліп отырылды. Олар графтықтардағы жағдайды бі-
ліп, халықтың шағымдарын қарап отырды. Императордың жар-
лықтары жазба түрде жарияланып 
капитулярий
деп аталды. 
Бізге дейін Карлдың 
250
капитулярийлері жеткен. Осылайша 
Ұлы Карлдың кезінде тұрақты шенеуніктік аппарат қалыптасты. 
Оның римдік дәстүрдің негізіндегі мемлекет құруға тырысқаны 
байқалады. 
Карл империясын орталықтандырылған мемлекет болды 
деп айту қиын. 
Графтар
, әсіресе алыс аудандардың графтары 
өздерін орталықтан тәуелсіз жағдайда ұстады. Империяда 
ар-
наулы
және 
мамандырылған соттық
және 
ақша палаталары

тұрақты салық
жинау жүйесі болған жоқ. 
Сонымен бірге Карл империясының ішкі этникалық және 
саяси бірлігі болмады. Жергілікті халықтар өздерінің әдет-ғұ-
рыптарымен өмір сүре берді. 
ІХ ғ.басында феодалдық құрылыстың негізі-феодалдық 
меншіктің қалыптасуы аяқталды. Осыған байланысты франк 
қоғамындағы шаруашылықта елеулі өзгерістер жүргізілді. Егер 
жерге байланысты төңкеріс басталғанға дейін-франк қоғамында 
шаруашылықтың негізі селолық қауым-марка болса, 8 ғ.аяғы 
мен 9 ғ.басында оның орнын феодалдық 
вотчина 
және оған ба-
ғынған басы байлы қауым алмастырды. 
Каролингтер дәуірінде қалыптасқан ірі феодалдық жер 
иеленушілік біркелкі болған жоқ. Жер иелерінің қарауындағы 
жерлердің мөлшері мен сапасы әр түрлі еді. Феодалдық вот-
чинадағы жер 2 бөлімнен тұрды:1) Қожаның жері немесе 
домен

2) Тәуелді шаруалардың пайдалануындағы 
үлес жерлер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет