Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет27/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Империяның ыдырауы
.Ұлы Карл 72 жасында 
814 
жылы 
қайтыс болып 
Ахенде 
жерленді. Елдегі корольдық оның үлкен 


41 
баласы Аквитания королі 
Людовигке 
өтті. Ол 814-840 жж. ара-
лығында билік жүргізді. Бұл құдайға сенген, әлсіз мінезді адам 
еді. Оған қарсы оның ұлдары Лотарь, Людовиг қарсы шықты. 
Тек кіші ұлы Карл ғана оны жақтады. 
843
жылы 
Верден
келісім 
бойынша Франктер империясы үшке бөлінді. 
Лотарьға 
Италия, 
Рейн мен Маастың шығыс бөлігі, 
Людовигке
Бургундия, Рейннің 
шығыс бөлігі, Лотарьдың иелігінен батыстағы жерлер 
Карлге
берілді. 
Жалпы Верден келісімі болашақ үш Еуропа елдерінің қа-
лыптасуының
бастамасы
болды.Олар:
Франция
,
Германия, Италия. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Алғашқы Каролингтер кезіндегі Франк мемлекетіне сипаттама 
беріңіздер. 
2.Ұлы Карл не себепті сакстерді ұзақ жаулады? 
3.Ұлы Карл «император»деген атаққа неге сонша ұмтылды? 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. 
687 жылы Франк мемлекетінде билікті кім жеңіп алды

А)Хлодвиг В)Пипин Геристальский С)Хильперик Д)Ұлы Карл 
Е)Лотарь
2.732 жылы арабтарды күйрете жеңген Франктердің билеу-
шісін көрсетіңіз. 
А) ІІ Хлотарь В) Карл Мартелл С) ІІІ Хильперик Д) Ұлы Карл
Е) Хлодвиг 
3.
Карл Мартелдің әскери қызметі үшін жерді сыйлыққа беруі 
не деп аталды? 
А)Аллод В)Феод С)Прекарий Д)Бенефиции. Е) Домен
 
Саксония обылыстары туралы капитулярий 
 
Бұл капитулярий 775 және 790 ж.ж. аралығында шығарылған. 
1.Құдай жолында қазір Саксонияда салынып жатқан 
Христос шіркеулері бұрынғы пұтқа табыну ескерткіштерінен 
кем түспейтін құрметке ие болуы керектігі жайында шешім қа-
былданды. 


42 
2.Кімде –кім шіркеуге күшпен кірсе немесе одан жасырын 
немесе күшпен бір нәрсені алатын болса, немесе шіркеуді өртеп 
жіберсе- өлім жазасына кесілетін болады. 
5. Осылайша өлім жазасына кесіледі: епископты, пресви-
терді немесе диаконды өлтірген кез келген адам . 
7.Кімде кім пұтқа табыну дәстүрі бойынша қайтыс болған 
адамның денесін отқа өртеп, оның сүйегін күлге айналдырса – 
өлім жазасына кесіледі. 
8.Саксон тайпасының өкілдерінен кімде кім бұдан былай 
шоқынудан бас тартып, бұрынға пұтқа табыну сенімінде қалу 
үшін шоқындыру рәсіміне қатыспаса өлім жазасына кесілетін 
болады. 
11.Корольге адалдығын бұзған кез келген адам өлім жаза-
сына кесіледі. 
13. Өзінің мырзасын немесе мырза ханымын өлтірген кез 
келген адам да осылайша жазаланады.(История средних веков. 
Хрестоматия.М.,1980.54-55.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет