Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Поместьелер туралы капитулярии



Pdf көрінісі
бет28/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
 
Поместьелер туралы капитулярии 
 
3. Басқарушылар біздің адамдарды өз қызметіне қолдан-
басын, олардан өз пайдасына барщинаны, ағаш кесу және басқа 
да жұмыстарды; жылқы, өгіз, сиыр, шошқа, қой, торай, қозы не 
басқа түрде сыйлық талап етпесін, асқабақ, жеміс өнімдері, 
алма, тауық, жұмыртқадан басқа. 
7. Әрбір басқарушы өз қызметін өзіне тапсырылғандай 
етіп орындауы қажет. 
§ 6. ІҮ-ХІ ғғ. Византия (Шығыс Рим империясы) 
 
1.
Византия империясының құрылуы, аумағы, даму ерекшеліктері. 
2.Юстиниан тұсындағы Византия. 
3.ҮІІ-ХІғғ. Византиядағы саяси-әлеуметтік өзгерістер

Византия империясының құрылуы, аумағы, даму
ерек-
шеліктері.
Біртұтас Рим империясының 
Шығыс
және 
Батыс


43 
болып 
395
ж.екіге бөлінуіне байланысты ІҮ ғ.аяғынан 
Византия
дербес мемлекет ретінде өмір сүрді. Ол көп уақыт бойы 
Ромей 
империясы
деп атала берді. Рим империясының шығыс бөлігінің 
Батыстан экономикалық және саяси оқшаулануы ІҮ ғ.айқын 
байқалды. Империяның ежелгі астанасы Римнің әлсіреуіне бай-
ланысты империяның саяси-экономикалық және мәдени өмірі 
Шығысқа қарай ойысуы заңды құбылыс еді. Император 
Константин 
330
ж. Босфор жағалауындағы 
Византия
қаласын 
империяның астанасы деп жариялаған еді. Кейін император 
Костантиннің құрметіне 
Константинополь
деп аталды. Ал 
Шығыс Рим империясын 
Византия
деп атап кетті. 
Константинопольдің астанаға айналуы, оның географиялық 
орналасқан орнына байланысты еді. Ол Еуропадан Азияға, Қара 
теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдарында 
жатты. Сонымен бірге қала құрлықтан да, теңізден де қоршалған 
әскери-стратегиялық орталық болатын. 
Византия империясының құрамында: 
Балкан түбегі

Кіші 
Азия

Сирия

Палестина,
Египет

Киренаика

Месопотамия

Армения
,
 Қырым
мен 
Кавказдағы
бірқатар тірек пунктері, ал Ү 
ғ.бастап 
Иллирик
пен 
Далмация 
қарады. Византия империясында 
әр түрлі тайпалар: гректер, фракиялықтар, иллириктер, 
сириялықтар, 
армяндар, 
грузиндер 
т.б. 
мекендеген. 
Византияның мемлекеттік тілі 
латын тілі
болғанымен, ел 
грек 
тілінде
сөйледі, себебі империяда гректер үстемдік жүргізген 
еді. 
Империяның шығыс бөлігі батысына қарағанда ұзақ 
уақыт өмір сүрді. Оның себебі шығыс бөлігінде экономикалық 
қатынастар жақсы дамыды және тұрақты дәрежеде болды. Бұл 
ауданда ірі дамыған сауда-өнеркәсіптік қалалар: Египетте-
Александрия,
Сирияда - 
Антиохия
, Кіші Азияда - 
Смирна
және 
Ефе
с, 
Константинополь
мен 
Фессалоника
және Балқан түбегін-
дегі қалалар бар еді. Сауда қатынасы Азия елдерімен үзілмеді, 
әсіресе ІІІ ғасырда жаңа персиялық Сасанидтер хандығы құрыл-
ғанда күшейе түсті. 
Шығыс империяның варварлық тайпалармен қатына-
сында да ерекшеліктері болды .Византияны тағы тайпалар ба-
сып алған жоқ. Герман тайпалары Византия жерінен өтіп ба-


44 
тыста өз корольдіктерін құрды. ҮІІ-ҮІІІ ғғ. Византия ертедегі 
Римнің саяси және мәдени дәстүрлерін сақтап « Ромей мем-
лекеті » болып қала бергенімен, оның қоғамдық құрылысы тез 
қарқынмен феодализмге өтті. 
Византия империясының әлеуметтік-экономикалық да-
муында өзіне тән ерекшеліктері болды. Біріншіден, ауыл шар-
уашылық өндірісі Батыспен салыстырғанда анағұрлым жоғары 
еді. Византия империясының құрамында ежелден егіншілік мә-
дениеті жоғары елдер болған еді. Жердің құнарлығы мен ауа-
райының қолайлығы кейбір аймақтарда 2 - 3 рет өнім жинауға 
мүмкіндік беретін. Империяның оңтүстік және оңтүстік-шығы-
сында Египет, Сирия суармалы егіншілік кең тараған. Екінші-
ден, Византияда латифундиялық түрдегі жерге жеке меншік ие-
лері аз болды. Византияда 
ірі жер иеленушілік
негізінен 
импера-
торлық өкіметтің

шіркеулер
мен 
монастырьлардың 
қарама-
ғында ғана болды. Үшіншіден Византияның аграрлық құрылы-
сының ерекшелігі 
ерікті шаруалар
қатарында жер иеленуші-
лердің көбеюі болды. 
Византияда шаруалар қауымдарының кең тараған түрі 
көршілес қауым еді. Деревняда, әсіресе императорлық домендер 
мен шіркеулік жерлерді-ұзақ мерзімге жалға алушылық 
эм-
фитевзис
кең өрістеді. Құлдарға жер бөліктерін бөліп беру түрі 
пекулия
болды. Византияда колонаттар да дамыды. Колондар 2 
топқа бөлінді. Бірінші топқа-е
ріктілер
– 
георгтар 
жатты, бұлар 
заң жүзінде бас бостандығы бар ерікті адамдар еді. Олардың 
жеке меншігінде үйлері, қора, құралдары, малы, шағын жерлері 
болған. Екінші топқа «
жанамалылар

энапографтар» 
деп атал-
ғандар жатқызылды. Олардың ешқандай иелік құқы болған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет