146
қызметшілер мен жастарды католик рухында тәрбиелеу,
қоғамның барлық топтары мен басқарушы орындар арасында
жұмыс істеу арқылы католиктік дінге бағындыру болды. Бұл
ұйымның мүшелері корольдер сарайларында қызметтер атқа-
рып, католицизмге қарсы әрекет жасаған корольдерге қарсы
(Англия, Франция) қастандықтар жасап отырды. Иезуиттер діни
уағыздаушы ретінде оңтүстік Америка, Үндістан, Индонезия,
Қытайға дейін барды. Иезуиттер өз жұмыстарын
1773
ж. папа
Климент ХІҮ жапқанға дейін жалғастырып,
1816
ж. қайта жан-
дандырды.
Триент
қаласында
1545-47
жж,
1551-52
жж,
1562-63
жж.
Триенттік собор мәжілістері өткізіліп, протестанттарды «
күпір-
лер»
деп жариялап, олармен ешқандай келісімге келмеуге уәде
берілді. Собор
папаны
діни сенімдегі ең
жоғарғы лауазым
деп
жариялады. Католицизмнің барлық ілімін және дәстүрін сақ-
тауды мойындады. Шіркеудің
сатылық басқару
жүйесі
иконға
табыну
,
латын тілінде
құдайға сиыну дәстүрлері сақталды.
Университеттердегі
дін ілімі факультеттері
мен
шіркеу
мектептері
нығайтылды. Сонымен бірге католиктік шіркеуге
жат жаңа идеялар мен бағыттарға қарсы күрес күшейтілді.
Римде орталық жазалау мекемесі құрылды. Тиым салынған кі-
таптар тізімі жасалды. Тридент соборының шешімдеріне сүйене
отырып, папа билігін католиктік шіркеу ұйымының барлық
буындарында нығайтып, католиктік діни буындардың арасын-
дағы талас-тартысқа тиым салынды.
Достарыңызбен бөлісу: