Еуропадағы реформациялық қозғалыс. Реформациялық
қозғалыс Еуропаның басқа елдерін де қамтыды. Англияда
король
Генрих ҮІІІ 1536-1539 жж. шіркеулерді жаптырып, шір-
кеулердің мүліктерін тәркіледі. Шіркеу билігін король өз қо-
лына алды. Жаңа
ағылшын шіркеуі құрылды. Алайда
1553 ж.
таққа отырған
Мария Тюдор қайтадан католиктік шіркеудің би-
лігін орнатты. 1558 ж. ол өлгеннен кейін оның орнына отырған
Елизавета І (1558-1603) Англияда
протестанттықты түпкі-
лікті орнатты. Король
екископтарды өзі тағайындады және
оларға
лордтар палатасының кеңесіне қатысуына құқық берді.
Сонымен бірге протестанттықтан католиктік ілімге өту мем-
лекеттік сатқындықпен тең деп бағаланды. Дұға
ағылшын ті- лінде оқылатын болды.
Франциядағы ХҮІ ғ. реформациялық қозғалыс өзіндік
ерекшелікпен өрістед. Бұл елде қозғалыстың дамуына қолайлы
жағдайлар аз еді. Себебі католицизм ұлттық бірігудің, король
өкіметінің белгісі ретінде қаралатын. Францияда да шіркеу
билігі корольдің қолында болды. Ол шіркеу иелерін өзі тағайын-
дап отырды. Дегенмененде Францияда католиктер мен реформа-
циялық ілім кальвинизмді қолдаушылар арасында ұзаққа со-
зылған соғыс жүрді. Бұл
1562-1598 жж.
гугеноттар соғысына
ұласты. Францияда католицизм мемлекеттік дін болып қала
берді. Гугеноттарға да өз дінін ұстауға рұқсат берді. Еуропада
реформациялық қозғалыс Швецияда, Норвегияда, Данияда,
Швейцарияда тарады.
Сұрақтар мен тапсырмалар :
1.Германиядағы реформациялық қозғалыстың алғы шарттарын
атаңыз.
2.Э.Роттердамский мен И.Рейхлиннің еңбектеріне конспекті
жасай отырып, қөзқарастарын баяндаңыз.
3.М.Лютердің ілімінің негізгі қағидасы қандай?