144
кәсіптік орталықтар басқарды. Кейбір қалаларда басшылықты –
патрициат
жүргізсе, кейбір қалаларда
қалалық кеңестер
демо-
кратиялық түрде басшылық жасады. Әрбір кантон өз аума-
ғындағы билікті өздері жүргізді.
Осындай жолмен құрылған
Швейцария федерациясы
көр-
ші елдердің саясаттағы қаруына айналды. Француз корольдері,
герман императорлары, Рим папалары Швейцария шаруалары-
нан жалдамалы әскерлер жасақтап, өздерінің соғыстарына пай-
даланды. Қалалық кантондар дәнекер ретінде шетелдік өкімет-
тер мен деревня кантондары арасында келіссөз жүргізді. Одақ-
тағы қалыптасқан мұндай жағдайдың жақсылыққа апармай-
тынын түсінгендер де болды. Олар кантондар арасындағы
одақты нығайтып орталықтандырылған
Швейцария одағын
құ-
руға тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: