157
Реформация қозғалысының алғашқы кезінде І Франциск
протестант ілімін дамытушыларға тиіспеді. Себебі Ү Карлмен
соғыста ол Герман протестанттық кнәздарының қолдауына
сүйенген еді. Бірақ ХҮІ ғ. 30 жылдарында король өкіметі бур-
жуазияларға қарсы дінді репрессиялық саясат ретінде қол-
дануды бастады.
1535
ж.
35
лютерандықтар өртеліп,
300
тұт-
қындалды. ІІІ Генрихтың корольдық құрудың алғашқы жы-
лында төтенше трибунал құрылды. Ол халық арасында
« отты
палата»
деп аталды. Осы трибунал 3 жылдың ішінде (1547-50)
500 ге
жуық кальвинистерге үкім шығарып,
60
өлім жазасына
кесті.
Дегенменде реформациялық қозғалыс Францияда да да-
мыды.
Реформациялық
қозғалысқа негізінен
қолөнершілер,
кіші
шеберлер
,
жалдамалы жұмысшылар
араласты. Бұларды
Францияда
гугеноттар
деп атады. Гугеноттардың құрылуына
оңтүстік және оңтүстік батыс Францияның орта және ұсақ
дворяндары да қатысты. Гугеноттар Францияда 30-40 жылдары
аталған топтардан құралып негізінен оңтүстік
Францияда
дамыды.
ІІ Генрихтан кейін корольдық міндетті оның үш ұлы
атқарған еді. 1559-60 ж. ІІ Франциск , ІХ Карл (1560-74) және ІІІ
Генрих (1574-89). Бұлар өкіметті кәмілеттік жасқа толмай
басқара бастады. Сондықтанда сарай төңірегіндегі дворяндар-
дың өзар қырқысуындағы құралға айналды. ІІ Франциск тұ-
сында өкімет билігін негізінен Лотариингтер феодалдарының
өкілі
Гиздер
жанұясы жүргізді. ІХ Карл өкіметті 10 жасынан
басқарғандықтан шыққан тегі италияндық анасы Екатерина
Медичи өзінің жақтастарымен бөлісіп басқарған болатын. 60 ж.
басында ірі феодалдар екі топқа Гиздер бастаған тобы като-
лицизмді, Бурбон мен Колинон басқарған топ кальвиндік-гу-
геноттар қозғалысын жақтап бір-біріне қарама –қарсы тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: