Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет98/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Экономикасы.
 
ХҮІ ғ. француз экономикасы жақсы дамы-
ды. Францияның кейбір өндірістері цехтық қол өнер түрінен 
орталықтандырылған аралас мануфактуралық түрге өте бас-
тады. Мануфактураның мұндай түрлері 
Пуату

Никардин
провинцияларындағы кенеп тоқу, 
Бретань, Мэн

Нормандияда
кенеп пен шұға, 
Ту және Орлеанда
тоқыма, жібек өндірістерінде 
дамыды. Сонымен бірге кілем тоқу, айна, шыны жасап шығару 
сияқты мануфактуралық өндіріс те өрістеді. Париж қаласы сол 
кезден-ақ парфюмерия өнімдерін шығаруда аты әйгілі бола 
бастады. Этвен фирмасы кітап шығарумен айналысып көптеген 
Еуропа елдеріне белгілі болды. Франция Жерорта теңізіндегі 
сауда-саттық қатынасына да қатысты. 
Марсель
қаласы елдің сол 
кездегі ірі портты қаласы еді. Атлант мұхитымен байланысы бар 
батыс және солтүстік қалалар 
Бордо, Ла-Рошель, Нант, Гавр, 
Двели
қалалары да үлкен порттарға айналды. Алайда Франция 
экономикасының мануфактуралық даму жолы Англия мен 
Нидерландиядағыдай 
ұлттық 
деңгейге көтеріле алмай, осы екі 
елден экономикалық дамуда артта қалды. 
Елдің экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құ-
рады. Француз дворяндары шаруалардың жерлерін күшпен тар-
тып алған жоқ. Себебі ірі тауар шаруашылығын құрудың ішкі 
және сыртқы алғышарттары болды. Сондықтан француз шар-
уаларына жерсіз қалу қаупі төнбеген еді. Шаруалар феодалдарға 
төлеп тұратын чини-ақша рентасымен бірге әртүрлі алым-
салықтарды төлеп тұрды. Олар сонымен бірге мемлекеттік са-
лық та төледі. Салықтың осы екі түрін төлеу шаруаларға оңайға 
соқпағандықтан, жиі жерлерін сатып кетіп отырды. 
Француз реформациялық қозғалысы

ХҮІ ғ. алғашқы 
ширегіндегі реформациялық қозғалыстың Францияда өзіндік 
ерекшелігі бар еді. Францияда 
католицизм
елдің 
бірігуінің,
король 
өкіметінің күшеюінің белгісі болды. Елдегі шіркеу би-
лігін 
король
өз қолына алды. Король аббаттықтар мен собор-
лардағы босатылған қызметтерге епископтар мен аббаттарды өзі 
сайлады. Шіркеуден түсетін табыстар мемлекет қазынасына-
құйылды. Халықтың басым көпшілігі шаруалар католицизм 
ағымын берік ұстанды. Сондықтанда 
реформациялық
қозғалыс 
басқа елдердегідей 
Францияда
үлкен қозғалысқа
айналмады. 


157 
Реформация қозғалысының алғашқы кезінде І Франциск 
протестант ілімін дамытушыларға тиіспеді. Себебі Ү Карлмен 
соғыста ол Герман протестанттық кнәздарының қолдауына 
сүйенген еді. Бірақ ХҮІ ғ. 30 жылдарында король өкіметі бур-
жуазияларға қарсы дінді репрессиялық саясат ретінде қол-
дануды бастады. 
1535
ж. 
35 
лютерандықтар өртеліп, 
300
тұт-
қындалды. ІІІ Генрихтың корольдық құрудың алғашқы жы-
лында төтенше трибунал құрылды. Ол халық арасында 
« отты 
палата»
деп аталды. Осы трибунал 3 жылдың ішінде (1547-50) 
500 ге
жуық кальвинистерге үкім шығарып, 
60 
өлім жазасына 
кесті. 
Дегенменде реформациялық қозғалыс Францияда да да-
мыды. 
Реформациялық
қозғалысқа негізінен 
қолөнершілер,
кіші 
шеберлер

жалдамалы жұмысшылар
араласты. Бұларды 
Францияда 
гугеноттар 
деп атады. Гугеноттардың құрылуына 
оңтүстік және оңтүстік батыс Францияның орта және ұсақ 
дворяндары да қатысты. Гугеноттар Францияда 30-40 жылдары 
аталған топтардан құралып негізінен оңтүстік 
Францияда 
дамыды. 
ІІ Генрихтан кейін корольдық міндетті оның үш ұлы 
атқарған еді. 1559-60 ж. ІІ Франциск , ІХ Карл (1560-74) және ІІІ 
Генрих (1574-89). Бұлар өкіметті кәмілеттік жасқа толмай 
басқара бастады. Сондықтанда сарай төңірегіндегі дворяндар-
дың өзар қырқысуындағы құралға айналды. ІІ Франциск тұ-
сында өкімет билігін негізінен Лотариингтер феодалдарының 
өкілі 
Гиздер
жанұясы жүргізді. ІХ Карл өкіметті 10 жасынан 
басқарғандықтан шыққан тегі италияндық анасы Екатерина 
Медичи өзінің жақтастарымен бөлісіп басқарған болатын. 60 ж. 
басында ірі феодалдар екі топқа Гиздер бастаған тобы като-
лицизмді, Бурбон мен Колинон басқарған топ кальвиндік-гу-
геноттар қозғалысын жақтап бір-біріне қарама –қарсы тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет