Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Испанияның Жеңілмейтін армадасының ағылшын



Pdf көрінісі
бет97/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Испанияның Жеңілмейтін армадасының ағылшын 
флотынан жеңілуі. 
І Елизавета 24 наурызда 
1603 
ж.қайтыс болғаннан кейін 
Шотландия королі ҮІ 
Яков Стюарт
король болып, Стюарттар 
әулетінің корольдік құруы басталды. 
Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Англияның экономикасын сипаттаңыз. 
2.Деревнядағы аграрлы төңкерістің себебі неде? 
3.Ағылшын реформациясының ерекшелігі қандай? 
4.Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігін көрсетіңіз. 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.
Ағылшын абсолютизмінің ерекшелікерінің бірі қандай еді ?
А) Билікті нығайту үшін парламентті пайдаланды В) Парла-
ментті пайдаланған жоқ
С) Парламентке қарсы шықты. Д) Парламенттің төменгі палата-
сын пайдаланды 
Е) Халыққа сүйенді 
2.1485-1603 ж Англияда билік жүргізген әулет 
А)Тюдорлар В)Вильгельм С)Стюарт Д)IЭдуард Е)Плантагенет 
3.Роберт Кет бастаған шаруалар көтерілісі қай графтықта 
болды? 
А)Норфольк В) Манчестер С)Корнуолл Д)Уэльс Е)Ланкашир 


154 
§ 30. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. І жартысындағы Франция 
 
1.Франция абсолютизімі мен экономикасының дамуы және 
ерекшеліктері. 
2. Француз реформациялық қозғалысы. 
3. Франциядағы азамат соғыстары. 1562-1598 жж.
Франция абсолютизімі

ХҮІ ғ. ірі аймақ 
Бретаньды
ал-
ғаннан кейін Франция өзінің аумағын біріктіруді аяқтап, Батыс 
Еуропадағы 
орталықтандырылған
аграрлы 
ірі мемлекетке
ай-
налды. Оның құрамында 
Лангедок, Прованс, Дофинэ, Бургундия, 
Бретань
және 
Нормандия 
провинцияларынан тұрды. ХҮІ ғ. 
болған саяси-әлеуметтік өзгерістер Францияда 
абсолюттік 
монархияның
орнауына себептігін тигізді. Басқа Еуропа ел-
деріндегі абсолютизммен салыстырғанда 
француз абсолютизмі
классикалық түрде болды. Феодалдық 
дворяндар
елдегі артық-
шылық жағдайға икемделіп, абсолютизмнің арқа сүйер 
негізгі 
тірегіне 
айналды. Француз королін 
католиктік шіркеу
де қол-
дады. Жаңадан дамып келе жатқан 
буржуазия 
тобының өкілдері 
де абсолютизмді қолдап отырды. Себебі өкімет мемлекеттік шы-
ғын көбейген сайын ақшасы бар буржуазия өкілдерінен қарыз 
алды. Ал өкімет өз тарапынан қарыз берген буржуйлерге жа-
нама алым-салықтардың бәрін жинауға рұқсат берді. Олар 
алым-салық жинайтын компаниялар құрып, халықтан жинала-
тын салықтан үлкен көлемде ақша жинап алып отырды. Мұндай 
жолмен жиналған ақшалар капиталдың алғашқы қорлануындағы 
француздық ерекшелікке айналды. Сонымен бірге француз бур-
жуазиясының ірі тобы 
абсолютизмді
қолдауының нәтижесінде 
күйзелген дворяндардың 
жерін сатып
алды. Дворяндық атақ 
алып, дворяндарға айналды. 
Француз абсолюттік монархиясының негіздері ХІғ. 
Людвиктің мирасқоры 
ҮІІІ Карл (1483-1498),
ХІІ Людвик (1498-
1515
) кездерінде қаланып, 
І Францискінің тұсында (1515-1547)
күшейтілді. І Францискі шіркеуді толық өзіне бағындырды.
 
Болонь
келісімі бойынша Рим папасы 
Х Лев
француз короліне 
француз шіркеулеріне
епископтарды 
тағайындауға 
 
француз 
шіркеуінің тапқан пайдасының басым көпшілігін иемденуге 
рұқсат берді. 


155 
І Францискінің уақытында Бас штаттың шақырылуы тоқ-
татылды. Олардың орнына 
нотаблилер
, яғни корольдің өзі та-
ғайындаған адамдардың шағын тобының жиналыстары өткізіліп 
тұрды. Бүкіл басқару жұмысы 
корольдік кеңестің
қолына шо-
ғырланып,. ол 
үлкен
және 
кіші кеңес
болып бөлінді. Бұл кеңес-
тердің құрамына қаржы, саяси, мемлекеттік кеңестер кірді. 
Маңызды істерді 
кіші кеңес
корольдің өзі қатысуымен шешті. 
Король өкіметін тек парламент тежемекші болды. Өйткені пар-
ламент корольдың күнделікті шығарған үкімдерін, қаржы эдик-
терін тіркеуге алып отыруға тиіс еді. Бірақ І Франциск 
пар-
ламентке 
тек 
сот ісіне
араласуға рұқсат беріп, 
мемлекет
ісіне
арласуына
тиым салды.
Король армиясы мен жыл сайынғы өсіп отырған мем-
лекеттік аппаратты ұстауға, ақсүйектер мен дворяндарға зей-
нетақы беру көп қаржыны қажет етті. Сондықтанда елдің қа-
зынасы алым-салықтарды көбейту мен тонаушылық соғыстар 
жүргізу арқылы толықтырылып отырды. Мысалы ХҮ ғ. аяғында 
салықтар 3 млн ливр болса, ХҮІ ғ.ортасында 9 млн ливрге жетті. 
Өзінің алдындағы француз корольдері ҮІІІ Карл мен ХІІ 
Людовик сияқты І Франциск де 
Италияға қарсы соғыстар
жүргізді. Бірақ соғыстағы жекеленген жеңістеріне және 
Габсбургтерге қарсы одақтар құрудағы табыстарына қарамастан 
Италиямен болған соғыстар сәтсіз аяқталды. Тіпті 
1525 ж

Павия
түбіндегі соғыста 
І Франциск
тұтқынға түсті. Ал, соңғы 
1542-44
жж. соғыста Ү Карл Франция аумағына басып кіріп, 
Парижге шабуыл жасаған еді. Алайда шапқыншыларға қарсы 
халықтың көтерілуі және Германиядағы протестанттық кнәз-
дардың көтеріліске дайындалуы Ү Карлді Францияны жаулап 
алудан бас тартқызды. 
1544 ж.
Крени 
қаласындағы келісім 
бойынша екі жақ та жаулап алған жерлерінен бас тартты. 
І Франциск қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған 
ІІІ Генрих те (1547-59)
Италиямен арадағы соғысты жалғас-
тырды. 
1559 ж.
Като-Камбрези
келісімі бойынша 
ІІ Филлип
(испандық) Францияға 
Мец, Туль
және 
Верден
қалалары ор-
наласқан 
Лотарингия 
герцогтығын берді. Сөйтіп Франция мем-
лекеті қазіргі кездегі шекаралық аумағына сәйкес өз жерлерін 
біріктіруді аяқтады. 


156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет