Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет96/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Ағылшын абсолютизмі
.
Елизавета Тюдор таққа елде әр 
түрлі алауыздықтар күшейген кезде отырды. Ол өз билігін сақ-
тап және елді тыныштандыру үшін салмақты,салиқалы саясат 
жүргізіп ағылшын қоғамында тепе-теңдік жағдайды ұстап 
қалуға тырысты. Оның билік құрған жылдары тарихта 
Елизавета дәуірі деп аталады. 
1533 жылы ҮІІІ Генрихтың Анна Болейнге үйленуі ағыл-
шын реформациясының басталуына негіз болды. Көп кешікпей 
дүниеге Елизавета келді.Ұлдың орнына қыздың дүниеге 
келгеніне ҮІІІ Генрих реніш білдіреді. Нәтижесінде Анна 
Болейнге сатқындық жасалды деп айып тағылып,өлім жазасына 
кесіледі. Бұл жағдай Елизаветаның бүкіл өміріне ықпалын 
тигізіп, ол «еш уақытта күйеуге тимеймін» деп ант береді. 
1553-1558 жж.Таққа Елизаветаның әпкесі Мария Тюдор 
отырды. 
Оның кезінде католик діні қал-
пына келтіріледі, шіркеуден тартылып 
алынған жерлері қайтарылады, протес-
танттарды қолдаушылар қудаланып
өлім жазасына кесілді, Англияның қар-
сыласы Испаниямен одақтастық туралы 
келісім жасалды. Бұл кезең Елизавета 
үшін ауыр жылдар болды. 1558 жылы 
Елизавета 25 жасында таққа отырды 
 
 
Мария Тюдор 


151 
Ең алдымен протестант шіркеуін 
қалыпқа келтіреді. Ол шексіз билікке 
ұмтылып, бақталасы Шотландия коро-
левасы Мария Стюартты тұтқындап, өлім 
жазасына кеседі. 
 
 
 
 
 
І Елизавета (1558-1603) 
Ақсүйектердің дербес билік жүргізуін шектеп, оларды 
мемлекеттік қызметке алып, пенсия т,б, төлемдер төлейді. Пар-
ламенттің жұмысын бақылауында ұстап. 45 жылдың ішінде 13 
рет ғана салық жинау үшін шақыртады. Өзінің саясатын сына-
ған депутаттарды тұтқындап отырды. 
І Елизавета
ішкі саясатта жаңа дамып келе жатқан бур-
жуазияның тарапынан үлкен қолдау көрді. Бірақ абсолютизмге 
қарсы күрестің бар екендігі де көрінді. 70-80 жж.елдің парла-
менті үкіметтен католиктік шіркеуге қарсы күресті күшейтуді 
талап етті. Парламентте Елизаветаның өз мұрагерлігіне протес-
тантты тағайындауына қарсы пікірлер айтыла бастады. Парла-
мент мүшелері өздеріне сөз бостандығының, қуғындамауға ке-
пілдіктің берілуін және үкіметтің парламенттік сайлауға аралас-
пауын талап етті. Сонымен бірге парламент І Елизаветаның шір-
кеулік саясатымен де келіспеді. Көптеген парламент мүшелері 
мен буржуазия, жаңа дворяндар ағылшын шіркеуіндегі рефор-
мация 
кальвинизм 
бағытында дамығандығын қалады. І Елизаве-
таға қарсы оппозициялық пиғыл күшейе түсті. Жаңа бағыттағы 
діни-шіркеулік ағым 
пуританизм
(
пуруз
-латынның-таза-деген 
сөзі) болды. Пуритандықтар деп бастапқыда ағылшын шіркеуін 
католиктік бағыттан тазартуды жақтағандар айтылып, 70-80 
жж.кальвинизмді дәріптеушілер аталды. Пуритандықтар уақыт 
өте үстемдік жүргізген англикандық шіркеуден алыстап, бас-
қарушыларын сайлап қоятын ерекше шіркеулік қауымдастыққа 
бірікті. Пуритандықтар арасында 2 ағым қалыптасты: 
пресви-


152 
териандық
және 
индепенденттік
. Пресвитериандық бағытты: 
ірі буржуазия
мен 
ірі дворяндар өкілдері
қолдады. Индепен-
денттікті 
ұсақ буржузия,
джентрилер
мен 
шаруалар
қолдады. 
Католиктер сияқты пуритандар да І Елизавета үкіметінен қатты 
қуғын көрді. Мұның өзі абсолютизм мен буржуазия арасындағы 
қарама-қайшылықты күшейтіп буржуазияның абсолютизмнен 
алыстауына әкелді. 
Елизаветаның кезінде Англияның экономикасы табысты 
дамыды. Ауыл шаруашылығында қой шаруашылығы дамып 4 
млн. тұрғынға 11,5 млн.бас қойдан келді. Жерді жеке меншікке 
және жалға алу тез қарқынмен жүрді. Ірі тауарлы шарушы-
лықтар құрылды. Шаруалар кедейленіп, деревнялар бос қалды. 
Өндіріс саласында қойдың жүнін сыртқы шығаруға тиым 
салынды. Нәтижесінде жүннің жүз пайызы елде өңделіп, шұға 
тоқу мануфактурасы дамыды. Қолөнер цехтары ыдырады. Сау-
дада ішкі базар қалыптасып акционерлік сауда компаниялары 
құрылды. Сол. Америкада отарлар пайда болды.. 
Ағылшын абсолютизмінің басқа елдердегі абсолютизмнен 
ерекшелігі сол, жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару жүйесі 
сақталды. Жергілікті жерлердегі үкімет жүйелерінде негізінен 
орташа, ұсақ дворяндар мен қала буржуазиясының өкілдері қыз-
мет атқарып, олар қоғамды реформалауға мүделі еді. Король 
мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары арасында қарма-қай-
шылық болған жоқ. 
Ағылшын абсолютизмінің екінші ерекшелігі-басқа елдер-
дегі сияқты-тұрақты әскері болмады. Себебі Англия аралда ор-
наласқандықтан, оған сырттан жер арқылы шабуыл жасайтын 
әскери күштер қауіп төндірмеген еді. Сондықтан әскердің ор-
нына, ағылшын корольдері парламентпен бірлесе отырып, күшті 
теңіз флотын құрды. 1588 жылы испан королі ІІ Филипп 
«Жеңілмейтін армада» деген флотын -136 кеме,25 мың адамды 
Англияны жаулауға жіберді. Алайда испан флоты жеңіліп
күшті ағылшын флотынан жеңіліп Испанияға 43 кеме ғана ора-
лады. Бұл ағылшындардың үлкен жеңісі еді. Англия теңіздік 
державаға айналды. Дегенмен Елизаветаның билік құруынығ 
соңғы жылдарында Англия ішіндегі қарама қайшылық қайта 
шиеленіседі. 


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет