Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Католиктік реакцияның күшеюі. Иезуиттер ордені



Pdf көрінісі
бет92/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Католиктік реакцияның күшеюі. Иезуиттер ордені 
мен Тридент соборы

Орта ғасырдың соңғы дәуірінде 
Еуропаның ірі мемлекеттеріндегі Франция, Испаниядағы 
аб-
солюттік монархия
өзінің елдегі билігін сақтаудағы идеа-
логиялық және саяси күш 
католиктік шіркеу
деп білді. 
Като-
лицизмнің
бытыраңқы протестанттық шіркеуден артықшылығы 
оның 
орталықтандырылғандығында
еді. Католиктік епископ-
тар, діни аббаттар, әртүрлі монахтар ордендері Римге бағынып, 
басқарылып отырды. Дегенмененде өзінің үстемдігін қалпына 
келтіру үшін орталық католиктік шіркеу жергілікті шіркеулерге 
кейбір жеңілдіктер жасады. Бір қатар елдерде шіркеулік жер-
лердің бір бөлігі феодалдарға берілді. 
Абсолюттік монархия
үстемдік еткен елдерде 
шіркеудің билігін
король
өз қолында 
ұстады. Католиктік шіркеулерге де реформалар жүргізілді.
Протестанттыққа қарсы күресте католиктік күштерді 
біріктіру және папаның беделін өсіру қажет болды. Осы мақ-
сатта 
Иезуиттер ордені
үлкен үлес қосты. Орденді испандық 
дворян 
Игнати Лойола
құрды. Оның жарғысын 
1540
ж. Рим 
папасы бекітті. Орден мүшелері үлкен тексерістен өткізіліп
ұйымға қабылданды және ұйымда қатаң тәртіп орнатылды. 
Ұйымның басшысы үлкен билікке ие болғанымен орден басшы-
ларының жиналысында сайланып, оның қызметі бақылауға 
алынды. Ал мүшелері орден басшыларының бұйрықтарын мүл-
тіксіз орындады. Иезуиттер католиктер мен протестанттар 
орналасқан аймақтарда өз қимылдарын жүргізіп католиктік 
тәртіпті орнатты. Ұйымның мақсаттары - өз мектептерінде діни 


146 
қызметшілер мен жастарды католик рухында тәрбиелеу, 
қоғамның барлық топтары мен басқарушы орындар арасында 
жұмыс істеу арқылы католиктік дінге бағындыру болды. Бұл 
ұйымның мүшелері корольдер сарайларында қызметтер атқа-
рып, католицизмге қарсы әрекет жасаған корольдерге қарсы 
(Англия, Франция) қастандықтар жасап отырды. Иезуиттер діни 
уағыздаушы ретінде оңтүстік Америка, Үндістан, Индонезия, 
Қытайға дейін барды. Иезуиттер өз жұмыстарын 
1773 
ж. папа 
Климент ХІҮ жапқанға дейін жалғастырып, 
1816 
ж. қайта жан-
дандырды. 
Триент
қаласында 
1545-47
жж, 
1551-52
жж, 
1562-63 
жж. 
Триенттік собор мәжілістері өткізіліп, протестанттарды «
күпір-
лер»
деп жариялап, олармен ешқандай келісімге келмеуге уәде 
берілді. Собор 
папаны
діни сенімдегі ең 
жоғарғы лауазым
деп 
жариялады. Католицизмнің барлық ілімін және дәстүрін сақ-
тауды мойындады. Шіркеудің 
сатылық басқару
жүйесі 
иконға 
табыну

латын тілінде
құдайға сиыну дәстүрлері сақталды. 
Университеттердегі 
дін ілімі факультеттері
мен 
шіркеу
мектептері
нығайтылды. Сонымен бірге католиктік шіркеуге 
жат жаңа идеялар мен бағыттарға қарсы күрес күшейтілді. 
Римде орталық жазалау мекемесі құрылды. Тиым салынған кі-
таптар тізімі жасалды. Тридент соборының шешімдеріне сүйене 
отырып, папа билігін католиктік шіркеу ұйымының барлық 
буындарында нығайтып, католиктік діни буындардың арасын-
дағы талас-тартысқа тиым салынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет