Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Швейцариядвғы реформациялық қозғалыс



Pdf көрінісі
бет91/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Швейцариядвғы реформациялық қозғалыс.
 
Еуропаны 
шарпыған реформациялық қозғалыс Германиядан кейін 
Швейцарияда күшті қарқынмен жүрді. Швейцария 
реформация-
сының көсемі
Ульрих Цвингли
еді. Ол 1522 ж. «
67 бап» 
деген 
еңбегін жариялап, Лютердің көзқарастарын жетілдіріп, демо-
кратиялық бағытты дамытты. Швейцариядағы реформациялық 
қозғалыстың ірі өкілі 
Жан Кальвин 

1509-1564) 
еді

Ол 
кальвинизм
деген ілімнің негізін қалады. Оның 
мәні-
құдай адам-
дардың тағдырын алдын ала біліп отырады. Құдай адамның бір 
тобын құтқарып екінші тобын өлімге кеседі. Сондықтан барлық 
адамдар екі топқа таңдаулылар мен шеттетілгендер болып бө-
лінеді. Дүние мен жеке адамдардың тағдырын құдайдың құ-
дыретті күші шешіп отырады. Ендеше, қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер 
құдайдың еркімен
болатын заңдылық. 
Әрбір діншіл адам құдайдың 
таңдаулысымын 
деп ұғынып, 
оның таңдаулылығын еңбектегі 
жақсы табыстарымен
дәлел-
деуі тиіс деп көрсетті. 
Кальвин өзінің ұйымына зор маңыз берді. 
Шіркеу
де-
геніміз 
таңдаулы адамдардың қауымы
деді. Кальвиннің шіркеуі 
демократиялық
бағытта құрылды. Қауымның діни жетекші-
лерінен басқалары сайланып отырды. Жекелеген қауымдар 
одақтарға бірігіп ұлттық шіркеуді ұйымдастырды. Женевада 
Кальвин шіркеуді басқара отырып, жергілікті 
протестанттық 


145 
партияның
жетекшісі болып, 25 ж. бойы жергілікті қалалық 
кеңеске өз ықпалын жасады. Ол 
протестанттық діни акаде-
мияны 
құрды. Оның тыңдаушылары бүкіл Еуропаға кальвинизм 
ілімін таратты. 
Әртүрлі аттармен кальвинистер Еуропаның көптеген 
елдерінде діни қызметтерді ғана емес, саяси қызметтерді де ат-
қарды. Кальвинистер Голландия республикасының құрылуына 
және Англиядағы, әсіресе Шотландиядағы республикалық 
партияның негізін салуға ықпал етті. ХҮІ ғ.екінші жартысында 
кальвинистік ілім Францияда таралып, бұл ілімді жақтау-
шыларды
 гугеноттар
деп атады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет