Испанияның Жеңілмейтін армадасының ағылшын
флотынан жеңілуі.
І Елизавета 24 наурызда
1603
ж.қайтыс болғаннан кейін
Шотландия королі ҮІ
Яков Стюарт
король болып, Стюарттар
әулетінің корольдік құруы басталды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
:
1.Англияның экономикасын сипаттаңыз.
2.Деревнядағы аграрлы төңкерістің себебі неде?
3.Ағылшын реформациясының ерекшелігі қандай?
4.Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігін көрсетіңіз.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.
Ағылшын абсолютизмінің ерекшелікерінің бірі қандай еді ?
А) Билікті нығайту үшін парламентті пайдаланды В) Парла-
ментті пайдаланған жоқ
С) Парламентке қарсы шықты. Д) Парламенттің төменгі палата-
сын пайдаланды
Е) Халыққа сүйенді
2.1485-1603 ж Англияда билік жүргізген әулет
А)Тюдорлар В)Вильгельм С)Стюарт Д)IЭдуард Е)Плантагенет
3.Роберт Кет бастаған шаруалар көтерілісі қай графтықта
болды?
А)Норфольк В) Манчестер С)Корнуолл Д)Уэльс Е)Ланкашир
154
§ 30. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. І жартысындағы Франция
1.Франция абсолютизімі мен экономикасының дамуы және
ерекшеліктері.
2. Француз реформациялық қозғалысы.
3. Франциядағы азамат соғыстары. 1562-1598 жж.
Франция абсолютизімі
.
ХҮІ ғ. ірі аймақ
Бретаньды
ал-
ғаннан кейін Франция өзінің аумағын біріктіруді аяқтап, Батыс
Еуропадағы
орталықтандырылған
аграрлы
ірі мемлекетке
ай-
налды. Оның құрамында
Лангедок, Прованс, Дофинэ, Бургундия,
Бретань
және
Нормандия
провинцияларынан тұрды. ХҮІ ғ.
болған саяси-әлеуметтік өзгерістер Францияда
абсолюттік
монархияның
орнауына себептігін тигізді. Басқа Еуропа ел-
деріндегі абсолютизммен салыстырғанда
француз абсолютизмі
классикалық түрде болды. Феодалдық
дворяндар
елдегі артық-
шылық жағдайға икемделіп, абсолютизмнің арқа сүйер
негізгі
тірегіне
айналды. Француз королін
католиктік шіркеу
де қол-
дады. Жаңадан дамып келе жатқан
буржуазия
тобының өкілдері
де абсолютизмді қолдап отырды. Себебі өкімет мемлекеттік шы-
ғын көбейген сайын ақшасы бар буржуазия өкілдерінен қарыз
алды. Ал өкімет өз тарапынан қарыз берген буржуйлерге жа-
нама алым-салықтардың бәрін жинауға рұқсат берді. Олар
алым-салық жинайтын компаниялар құрып, халықтан жинала-
тын салықтан үлкен көлемде ақша жинап алып отырды. Мұндай
жолмен жиналған ақшалар капиталдың алғашқы қорлануындағы
француздық ерекшелікке айналды. Сонымен бірге француз бур-
жуазиясының ірі тобы
абсолютизмді
қолдауының нәтижесінде
күйзелген дворяндардың
жерін сатып
алды. Дворяндық атақ
алып, дворяндарға айналды.
Француз абсолюттік монархиясының негіздері ХІғ.
Людвиктің мирасқоры
ҮІІІ Карл (1483-1498),
ХІІ Людвик (1498-
1515
) кездерінде қаланып,
І Францискінің тұсында (1515-1547)
күшейтілді. І Францискі шіркеуді толық өзіне бағындырды.
Болонь
келісімі бойынша Рим папасы
Х Лев
француз короліне
француз шіркеулеріне
епископтарды
тағайындауға
француз
шіркеуінің тапқан пайдасының басым көпшілігін иемденуге
рұқсат берді.
155
І Францискінің уақытында Бас штаттың шақырылуы тоқ-
татылды. Олардың орнына
нотаблилер
, яғни корольдің өзі та-
ғайындаған адамдардың шағын тобының жиналыстары өткізіліп
тұрды. Бүкіл басқару жұмысы
корольдік кеңестің
қолына шо-
ғырланып,. ол
үлкен
және
кіші кеңес
болып бөлінді. Бұл кеңес-
тердің құрамына қаржы, саяси, мемлекеттік кеңестер кірді.
Маңызды істерді
кіші кеңес
корольдің өзі қатысуымен шешті.
Король өкіметін тек парламент тежемекші болды. Өйткені пар-
ламент корольдың күнделікті шығарған үкімдерін, қаржы эдик-
терін тіркеуге алып отыруға тиіс еді. Бірақ І Франциск
пар-
ламентке
тек
сот ісіне
араласуға рұқсат беріп,
мемлекет
ісіне
арласуына
тиым салды.
Король армиясы мен жыл сайынғы өсіп отырған мем-
лекеттік аппаратты ұстауға, ақсүйектер мен дворяндарға зей-
нетақы беру көп қаржыны қажет етті. Сондықтанда елдің қа-
зынасы алым-салықтарды көбейту мен тонаушылық соғыстар
жүргізу арқылы толықтырылып отырды. Мысалы ХҮ ғ. аяғында
салықтар 3 млн ливр болса, ХҮІ ғ.ортасында 9 млн ливрге жетті.
Өзінің алдындағы француз корольдері ҮІІІ Карл мен ХІІ
Людовик сияқты І Франциск де
Италияға қарсы соғыстар
жүргізді. Бірақ соғыстағы жекеленген жеңістеріне және
Габсбургтерге қарсы одақтар құрудағы табыстарына қарамастан
Италиямен болған соғыстар сәтсіз аяқталды. Тіпті
1525 ж
.
Павия
түбіндегі соғыста
І Франциск
тұтқынға түсті. Ал, соңғы
1542-44
жж. соғыста Ү Карл Франция аумағына басып кіріп,
Парижге шабуыл жасаған еді. Алайда шапқыншыларға қарсы
халықтың көтерілуі және Германиядағы протестанттық кнәз-
дардың көтеріліске дайындалуы Ү Карлді Францияны жаулап
алудан бас тартқызды.
1544 ж.
Крени
қаласындағы келісім
бойынша екі жақ та жаулап алған жерлерінен бас тартты.
І Франциск қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған
ІІІ Генрих те (1547-59)
Италиямен арадағы соғысты жалғас-
тырды.
1559 ж.
Като-Камбрези
келісімі бойынша
ІІ Филлип
(испандық) Францияға
Мец, Туль
және
Верден
қалалары ор-
наласқан
Лотарингия
герцогтығын берді. Сөйтіп Франция мем-
лекеті қазіргі кездегі шекаралық аумағына сәйкес өз жерлерін
біріктіруді аяқтады.
156
Достарыңызбен бөлісу: |