Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет100/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Франция экономикасы қандай еді? 
2.Француз абсолютизмінің қалыптасуын баяндаңыз. 
3.Азамат соғысының барысын,кезеңдері жайлы не білесіз? 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.
 Франция абсолютизмнің арқа сүйер негізгі тірегі 
А) шаруалар В) вассалдар С) дворяндар Д) қала тұрғындары
Е) лордтар
 
2.
Францияда 1572 жылы тамызда Парижде католиктер гу-
геноттарды жаппай қырды.Оны тарихта ұандай түн деп 
атайды? 


159 
А)
 
Әулие түні В) Париж түні С) Варфоломей түні Д) Франция 
түні Е) Күн мен түннің теңелу түні 
3.
 Қай жылы Нант эдиктінің шығуына байланысты 
гугеноттар соғысы аяқталды. 
А) 1596 жылы В) 1597 жылы С) 1599 жылы Д) 1598 жылы Е) 
1594 жылы 
§ 31

ХҮІ-ХҮІІ ғғ.бірінші жартысындағы Италия 
1.Италияның саяси-экономикасының жағдайы. 
2.Италия қала мемлекеттерінің басқару жүйесі

Италияның саяси-экономикасының жағдайы.
 
ХҮІ-ХҮІІ 
ғғ.Италия Англия мен Францияға қарағанда көптеген саяси 
бірлестіктерден тұрды.Үш аймақты бөліп қарастыруға болады: 
Солтүстік Италия
және 
Тоскана,
Папа 
о
былысы

Оңтүстік 
Италия
және 
Сицилия

Италияның шағын аумағында (300 мың.шаршы км.) 
278
қалалар болды. Сондықтан Италия ең алдымен қалалар мен қала 
мәдениетінің елі еді. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Солтүстік Италия мен 
Тосканада сауда мен қолөнер дамыды. Миланда, Пьяченцеде, 
Флоренцияда, Пизада, Сиен де жұқа шұға, Луккада-жібек 
маталары өндірілді. Генуяда, Венецияда кемелер жасалды. 
Милан-қару, металдан құрал-сайман, жүн тарайтын тарақ жа-
саудың орталығы болды. 
Италия қалаларының қолөнершілері мен саудагерлері 
цехтық
к
орпорацияларға
(арти) бірікті. Қолөнердің дамуы сау-
даның өсуіне әкелді. Мәселен, Миланда жылына төрт рет 
жәр-
меңкелер
өткізіліп, онда қару-жарақ, шұға, шығыс тауарлары 
сатылды.
Феррара қол астында жылына екі рет жәрмеңке болып, 
оған Тосканадан, Ломбардиядан, тіпті Франциядан саудагерлер 
келетін. Италия қалалары Алжир, Тунис, Марокко, Египетпен 
сауда байланыстарын жасады. Крест жорықтарының кезінде 
порт орталықтары: Анкона, Пиза, Генуя, Венеция Византия мен 
Левантамен тығыз байланыс жасап, ол жақтарға шұға, астық, 


160 
металл бұйымдарын апарса, Еуропаға мақта, бояулар, хош иісті 
қоспалар әкеліп керемет байыды. 
Қолөнер мен сауданың одан әрі дамуына феодалдық 
тәртіптер кедергі жасады. Барлық шаруашылық және саяси мә-
селелерді шешу құқы феодалдардың қолында болды. Сондық-
танда пополан қөлнерші тұрғындар мырзаларына қарсы ашық 
көтерілістерге шықты. Оларды ұсақ рыцарларда қолдады. 
1535
жылы 
пополандар 
Миланнан мырза-архиепископтарды қуып 
шығып, қала тәеулсіз 
коммунаға
айналды. ХҮІ ғ.осындай 
тәуелсіздікке Болонья, Мантуя, Пиза, Кремона, Феррара және 
т.б. қалалар жетті. 
Италия қоғамының саяси және әкімшілік орталығы қыз-
метін қалалық коммуналар атқара бастады. Ондағы билік 
кон-
сулдар
коллегиясының
қолында болды. Көпестер мен қаланың 
текті тұрғандары ғана осы коллегияға сайланып, қолөнершілер 
мен ұсақ саудагерлер енгізілмеді. Коллегия атқарушы орган 
қызметін атқарды,ал заң шығару билігі кеңестің қолында болды. 
Коммунаның барлық табыстары қаланың қажетіне жұмсалды. 
Мұндай жағдай қалалардың дамуына жағдай жасады. Қалалар 
республикаға
айналып,мемлекет ретінде өмір сүрді. Флоренция 
осындай қалалардың қатарына жатты. 
Экономикалық жағынан Папа обылысы Солтүстік 
Италиядан артта қалды. Бұл облыстың қалалары баяу дамып, 
деревняда феодалдық тәуелділік үстемдік етті. ХҮІ ғ.
Оңтүстік 
Италия
мен 
Сицилия 
- Сицилия корольдігі бірікті. Бұл король-
дігіне феодалдық қатынастар баяу дамып, экономикалық жа-
ғынан Солтүстік және Орталық Италиядан артта қалды. 
Оңтүстік Италия қалалары тәуелсіздіктерін ала алмай, орталық 
билікке бағынды. 
Солтүстік және Орталық Италия деревняларына тауар-
ақша қатынастарының ерте енуіне байланысты ХҮІ-ХҮІІ ғғ. 
шаруалардың негізгі бөлігінің жеке басы бос болды. ХҮІ ғ. 
шаруаларға жеке басының бостандығын жаппай беру аяқталды. 
Мәселен, 1256 ж.Болоньяда 6 мың шаруалардың босатылған-
дығы туралы акты жарияланды. Еркіндік алған шаруалардың бір 
бөлігі қалаларға жұмысқа тұрса, бір бөлігі жерді жалға алу-
шыларға айналды. 


161 
ХҮІ ғ. Орталық Италияның қала-республикаларында ерте 
капиталистік қатынастар қалыптаса бастады. Мұндай дамудың 
үлгісін Флоренциядан көруге болатын еді. Мұнда ХІҮ ғ 
. 200
тарта ірі шұға тоқу шеберханалары жұмыс істеді. Олар жылына 
80 мың
бөлек шұға шығарып отырды. Бұл өндірісте 30 мың адам 
жұмыс жасады. Жалдамалы жұмысшылар қарапайым жұмыс-
тарды атқарды. Оларды «
чомпи
»деп атады. Флоренцияда бұлар-
дың саны 
10000 
еді. Ерте капиталистік өндірістер мануфак-
туралар қалыптаса бастады. Бұлардың гүлденуі қаланың бай 
топтарының одан сайын баюына жағдай жасады. Қаланы сауда-
қолөнер топтары-
пополандар
биледі. 1250 ж.алғашқы халықтық 
конституцияны бекітті. Флоренцияда сайланып қоятын үкімет 
басқарды. Оған 9 адам кірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет