Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет103/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.ХҮІ ғ Италияның саяси жағдайы қалай болды? 
2.Экономикасын сипаттаңыз? 
3.Италияның қала мемлекеттерінің басқару жүйесін талдаңыз? 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Италияда сауданың дамуына не себеп болды? 
А)ауыл шаруашылығының дамуы В)қолөнердің дамуы
С)соғыстың болуы Д)мал өсіру Е)егіншіліктің дамуы 
2
 1535
жылы коммунаға айналған қаланы атаңыз? 
А) Флоренция В)Венеция С)Рим Д)Милан Е) Феррара 
3.Жалдамалы жұмысшыларды қалай атаған? 
А) Тирания Б) Дож В) Пополон Г) Чомпи Д) Коммуналар 
4. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. республикалық басқару қай қалада қалыптасты? 
А)Миланда 
В)Венецияда 
С)Флоренцияда
Д)Генуяда Е)Пизада 
 
§ 32. Отыз жылдық соғыс. 
 
1.ХҮІІ ғ. басында Еуропада халықаралық қатынастардың шие-
ленісуі. 
2. Отыз жылдық соғыстың Чехия кезеңі. 
3.Соғыстың Дат және швед- француз кезеңдері. Вестфаль бі-
тімі

ХҮІІ ғ. басында Еуропада халықаралық қатынастардың 
шиеленісуі
. ХҮІ ғ. Еуропада қалыптаса бастаған ұлттық мем-
лекеттер мен монархиялық әулеттердің арасында қарама-қай-
шылықтар ХҮІІ ғ.І ширегінде шиеленісе түсті. Габсбургтер 
әулетінің жалпы империялық басқару жүйесі, сот, қаражат, 
әскери күштері болмаса да 
Германияны,
Австрияны, Крайнаны, 
Чехия мен Венгрияны, Тироль, Эльзасты
қамтыған үлкен иелік 
жерлері бар еді. Алайда бұл кнәздіқтар арасында бірлік бол-
мады. Шіркеу жерлерін реформация кезінде тәркілеуден кейін 


165 
олардың иеліктері ұлғайды. Кнәздардың католиктік және про-
тестанттық шіркеулерді қолдауы олардың арасындағы шие-
ліністі күшейтіп жіберіп, елдің бытыраңқылығын, король өкі-
метіне бағынбауын тереңдетті. Испан Габсбургтері мен австрия-
германдық Габсбургтер әулеттері өз ара бірігіп ішкі және сырт-
қы жауларымен күресуде бір-біріне көмектесіп отырған еді. 
Олардың әлемге үстемдік жүргізу армандары да болды. 
Габсбургтер әулеті ХҮІ ғ.аяғы мен ХҮІІ ғ.басында көрші 
елдерге қарсы дұшпандық саясаттар жүргізді. 
Испандық 
Габсбургтердің
Нидерландыны 
өздеріне бағындыру әрекеті 
Англияға қауып
төндірді. Габсбургтердің 
солтүстік Германияға
үстемдік орнатуына 
Дания
қарсы шықса, ал Солтүстік пен 
Балтық теңіздеріндегі сауда жолы үшін 
Швециямен 
қайшылық 
туындады. 
Габсбургтер әулеті католиктік шіркеудің көмегімен ие-
ліктеріндегі кнәздықтарды өздеріне бағындырып, Германияны 
біріккен мемлекетке айналдыруға тырысты. Католиктік реакция 
император 
ІІ Рудольф (1576-1612)
кезінде күшейген еді. ІІ 
Рудольфтың қолдауымен иезуиттер Чехияны басып алды. 
Католиктер Рейн обылыстарынан, солтүстік-батыс Германиядан 
протестанттарды ығыстыра бастады. Бұған жауап ретінде 
оңтүстік және батыс Германияның протестанттық кнәздары 
1608 ж. «Евангелистік унияға» бірікті. Протестанттардың саяси-
әскери одағына қарсы жауап ретінде 
1609
ж.католиктік князьдар 
католиктік лиганы
құрды. Сөйтіп ішкі және сыртқы қарама-
қайшылықтардың шиеленісуінің нәтижесінде Германия 30 
жылдыық соғыстың ошағына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет