166
Чехияның королі деп мойындамайтындарын жариялады. Бүған
жауап ретінде осы жылдың 9 шілдесінде ІІ Рудольф «
мәртебелі
грамотасын
» жариялап: онда чехтарға өз дәстүрлері бойынша
құдайға құлшылық жасауға, протестанттық шіркеу, мектептер
салуға рұқсат беруге мәжбүр болды. Алайда Габсбургтердің
мұндай жеңілдіктері ұзаққа бармады. Король Матвей 1617 ж.
жазында чех тәжін өзінің мұрагері принц
Фердинанд
Штирийскийге
берді. Бұл жағдай Чехияда Габсбургтерге қарсы
наразылықты қайтадан күшейтіп, 30 жылдық соғыстың
Чехтық
кезеңіне
ұласты.
Алғашқыда чехтардың көтерілісі сәтті болғанымен өз ара
алауыздықтар туындады, мұны қарсыластары жақсы пайда-
ланды. 1620 ж.8 қарашада католиктік лиганың әскерлері
Чехияға еніп, жеңіске жетеді. 1627 ж.католиктік шіркеудің үс-
темдігі толық орнады. Неміс тілі, мемлекеттік тіл болып жа-
рияланды. Неміс шенеуніктері барлық басқару жүйелерінде ор-
наластырып, Чех жерлері тәркіленді. Сөйтіп
Чехия
көп жылға
дейін неміс провинциясына айналды.
Ішкі герман мәселелері яғни император мен кнәздер,
католиктер мен протестанттар, Габсбургтер мен Чехия ара-
сындағы қарама-қайшылықтар халықаралық қатынасты шиеле-
ністіріп жіберді. Германияға қарсы Батыс Еуропаның елдерінің
одағы құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: