Рыцарь- (немістің «атты жауынгер»деген сөзінен шық-
қан)-мырзасына атты әскер қатарында қызмет етуге міндетті
феодал.
Сеньор (француздың»үлкен»деген сөзінен шыққан)-орта
ғасырлардағы батыс Еуропадағы жер иесі, феодал. Тар мағы-
нада –вассалдың мырзасы, қожасы.
Сервтер (латынның «құл»деген сөзінен шыққан)-
Франциядағы феодалдарға басыбайлы шаруалар тобы..
Тамплиерлер ордені - бірінші крест жорығынан кейін
француздардың Таяу Шығыста құрған әскери-монахтық ұйымы.
Тевтон ордені –ХІІІ-ХҮІ ғасырларда неміс католиктері
құрған діни-рыцарьлық ұйым.
Тордесильяс келісімі –Рим папасының төрелік етуімен
1494 жылы жасалған келісім. Ол бойынша Атлант мұхитының
дәл ортасынан батысына қарай жаңадан ашылған жерлер-испан-
дықтар иелігіне, ал шығысқа қарайғы жерлер португалдықтар
иелігіне өтті.
Университет (латынның «жиынтық»деген сөзінен шық-
қан)-құрамында ғылыми білім негізін қалайтын әр түрлі пән-
дерді қамтитын бірнеше факультеттері бар жоғары ғылым-білім
ордасы.
Уния -мемлекеттердің бір одаққа бірігуі.
Утопия (гректің «жоқ жер»деген сөзнен шыққан)-бұл
терминді ең алғаш ағылшындық ойшыл-гуманист Томас Мор
қолданды. Ол өзінің бірде-бір кемшілігі, қайшылығы жоқ қо-
ғамын орнатпақшы болды. Ол қоғамды»утопия»деп атады.
176
КІСІ АТТАРЫ Аларих - 410 жылы Римді басып алған вестгот королі.
Альфред (871-899 ) - Англия королі
, оның
кезінде даттар-
ға қарсы күрес ұйымдастырылып, атты әскер мен теңіз флоты
құрылды.
Аттила (Еділ) – 435-453 жылдары Паннонияда өмір сүр-
ген ғұндар хандығының билеушісі. Ол Еуропаны Римнің бұға-
уынан құтқаруда зор рөл атқарды.