Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет109/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Ғибадатхана
құдайға табынатын орын. 


172 
Дворяндар 
- мұрагерлік артықшылықтарды пайдаланған 
жер иеленуші ақсүйектердің әлеуметтік тобы. Капиталистік қа-
тынастардың даму барысында дворяндардың басым көпшілігіи 
«жаңа дворяндарға» айналып буржуазия табының негізін қа-
лады.
Димдер 
- гректің «демос»-халық деген сөзінен алынған. 
Византиядағы қалалардың ерікті азаматтарының ұйымдары. 
Олар шаруашылық, саяси және әскери міндеттерді атқарды. 
Домен 
(француздың «иелену» деген сөзінен шыққан ) – 
Батыс Еуропадағы феодалдық иеліктің (поместьенің) тікелей 
феодалға тиісті бөлігі. Онда феодал тәуелді шаруалар мен жер, 
мал-мүлкі жоқ адамардың еңбегін пайдаланған. 
Донатистер
– ІҮ-Ү ғасырларда Римдік Африкада «шір-
кеудің тазалығын» жақтаған күпірлік ілім. Олар шіркеуді пен-
делік жаманшылықтан
 
тазартуды, күнәсі барларды қайта шо-
қындыруды ұсынды және мемлекеттің шіркеуі ісіне араласуына 
қарсы шықты. Бұл ілімнің негізін епископ Донат салған. 
Епископ –
христиан дініндегі шіркеу округының башы-
сына берілетін жоғарғы атақ.
 
Жакерия –
Франциядағы феодализмге қарсы бағытталған 
1358 жылғы шаруалар көтерілісі. Француз шаруасын «жак» деп 
атаған. Жакерия деген ат осыдан шыққан. 
Зилоттар көтерілісі 
- ашулы, өрекпе деген мағынаны біл-
діреді. 1442-49 жылдары Солуни қаласында (Византияда) бол-
ған қала тұрғындарының көтерілісі. 
Иезуиттер –
католик сопыларының ордені. Оны 1534 
жылы Парижде ықпалы католиктік сопылар құрған. Орденнің 
мүшелері қоғамдық өмірге белсенді араласып отырды. Тыңшы-
лық жасау, пара беру, сатып алу, өсек тарату, жала жабу әрекет-
тер арқылы беделді адамдарды католик дінінің мүддесіне пай-
даланып отырды. 
Индульгенция 
(латынның «кешірімділік», «мейірімді-
лік» деген сөзінен шыққан) - папаға немесе шіркеуге сіңірген 
еңбегі үшін католик шірекеуінің Рим папасының атынан беріп 
отыратын күнәні кешіретін куәлік. 
Инквизиция 
(латынның «тергеу» деген сөзінен шыққан)- 
рим папасының ХІІІ ғасырда күпірлермен күрес үшін құрған 


173 
арнаулы соты. Ол католик шіркеуінің өзіне қарсы пікір біл-
діруші адамдарды, әсіресе озық ойлы оқымыстыларды жазалау 
мекемесі болды. 
Каролингтер- 
Франк мемлекетіндегі корольдердің, кейі-
нірек-императолардың әулеті. Карл Мартелл мен Ұлы Карлдың 
(768-814 ) атынан шыққан деген тұжырым бар.Әулет 751 жылы 
Меровингтердің орнына келіп, Х ғасырда биліктен айырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет