Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет111/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Натуралды шаруашылық
-өнімді айырбас үшін емес, тек 
өз қажетіне ғана арнап өндіретін томаға-тұйық шаруашылық. 
«Ника» 
(гректің «жеңу»деген сөзінен шыққан)- 532 жыл-
ғы ІІ-17 қаңтар аралығында Шығыс Рим империясы-Визан-
тияның астанасы Константинопольде болған халық көтерілісі. 
Новеллалар – «
жаңа заңдар» деген мағынаны білдіреді. 
Византияда Юстинианның және одан кейінгі императорлардың 
заңдары осылай аталған. 
Нормандардың Англияны жаулап алуы 
- Нормандия 
герцогі Вильгельм басқарған норман феодалдарының 1066 
жылы Англияға басып кіруі. 
Пайғамбар
– діни ұғымда Құдайдың айтқан сөздерін 
адамдарға жариялау үшін арнайы жіберген адамы. 
Папалық
-Рим папасы басқарған католик шіркеуінің діни 
монархия орталығы. 
Парламент 
(ағылшынның, француздың «сөйлеу»деген сө-
зінен шыққан)-буржуазиялық мемлекеттегі жоғарғы заң шы-
ғарушы өкілдік орган. Әлеуметтік топ өкілдерінің органы ре-
тінде Англияда парламент алғаш ХІІІ ғасырда (1265 ж.) құ-
рылды. 
Патриарх
(гректің «әке»,»басшы»деген сөзінен шыққан)-
кейбір елдердегі православиелік шіркеудің басшысы. 
Реконкиста 
(испанның «қайтарып алу»деген сөзінен 
шыққан)-ҮІІІ-ХҮ ғасырлардағы Пиреней түбегі халықтарының 
арабтар жаулап алған жерлерін қайтарып алуы. 


175 
Ренессанс 
(француздың «қайта өркендеу»деген сөзінен 
шыққан) -Батыс және Оңтүстік Еуропа елдеріндегі орта ға-
сырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Ол 
Италияда шамамен ХІҮ-ХҮІ ғасырларда, басқа елдерде-ХҮ-ХҮІ 
ғасырларда орын алды. 
Реформация 
(латынның «қайта құру», «жаңарту»деген 
сөзінен шыққан) - ХҮІ ғасырдағы Батыс және Орталық 
Еуропадағы католик шіркеуіне қарсы қуатты қоғамдық-саяси 
және діни қозғалыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет