Мұғалімнің бағалаудағы ролі: -
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
-
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық
ақпарат жинастырушы;
-
Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
-
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және
мектеп әкімшілігіне баяндау.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: 1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың
қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың
өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген
жауаптары бақылануы керек. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне
қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе
міндеттеріне жатқызады. Мұғалім жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті, нәтижелерді бағалайды және
өткенге шолу өлшемдерін қолданады. Интерпритацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе
түсіндіруге талпындыруға болады, логикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, бала айтқан нәрсе оның
миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Мәліметтерді интерпретациялау негізінді
қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі туралы мақсаттарға және алынған
ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әр түрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін
жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен
немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды
жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе
сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде
қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта
болады.
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму
керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері
қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық]
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында
орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
15.
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
16.
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
17.
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың
болмауы;
18.
Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа
тәрбиелеуі;
19.
Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде
анықтауы;
20.
Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері
байланыс ақпаратын алуы;
21.
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау,
тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
22.
Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
133