Жанұя функциясы
– жанұя мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандырумен байланысты жанұяның өмірлік іс-әрекеті.
Жанұя құрылымы
– бұл отбасы құрамы және оның мүшелері, олардың
өзара қатынастарының жиынтығы.
Жанұяның динамикасы
– жанұяның өмірлік іс-әрекетінің сатыларына
байланысты
құрылымы
мен
функциясының
өзгеруі.
Жанұяның өмірлік циклі
– нуклеарлық отбасына тән маңызды оқиғалардың
сипаттамасы, ал бір оқиғамен екінші оқиға арасындағы қашықтық өмірлік цикл
сатылары деп аталады.
Жұбайлар үйлесімділігі
– сезімдердің, мінез және темпераменттің
үйлесімділігін, қызығушылықтардың көзқарастардың әдеттер мен мінез-
құлықтың ортақтығы.
Жеке адам ерекшеліктері
– адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден
даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық
ерекшеліетерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде
білуі қажет.
Жетістік мотивациясы
(Мотивация достижения) – адамның қалаған
нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен
байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата-ана
ықпалымен балада 3-13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен
қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі.
Жобалау әдісі
(Метод проектирования) – оқушының бірте-бірте
күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату
арқылы оқыту жүйесі.
Зерттеу әдісі
– ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар.
Зерттеу
қағидасы
– зерттеу процесін ұйымдастырудың жалпы
қалыптары.
Зерттеу объектісі
(Объект исследования) – аясында зерттелетін нәрсе
мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды
оқыту және тәрбиелеу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |