Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет65/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

 Зияткерлік, парасат
(интеллект; лат. Intelectus-ақыл, парасат,ес) 
индивидтің акыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты кұрылымы. Алғашында 
бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі 
кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының 


136 
негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өндеуге, реттеуге, оқуға 
қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. З. функциялары: а) 
оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция; б) қоршаған болмыстың 
заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық 
тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. 
Теориялык 
және 
практикалық 
з. 
жеке 
адамның 
эмоциялық-ерік 
ерекшеліктерімен байпанысты. Түрлері: абстрактылы 3., ересектер зияты., нақты 
з., жасанды з. Зияткерлікті диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты. 
Зияткерлікті анықтайтын тестілері
– индивидтің ақыл-ой әлеуетін 
анықтауға арналған психологиялық диагностикалық әдістемелер. Зият 
тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері 
солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұскауда 
көрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, ажырату, нақтылау, жалпылау 
және т.б. катынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің 
шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі 
қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан 
және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына 
қарап сыналушының ойдағыдай еткені анықталады, зияттылық коэффициенті 
шығарылады. 
Зияткерлік коэффициенті
(ағылш.intellectual guotient)- ақыл-ой жасы деп 
аталатынның (АЖ) тұлғаның хронологиялық жасына (ШЖ) қатынасы; 10 
символымен белгіленетін бұл катынас мына формула бойынша анықталады: 
Ақыл-ой жасы жас шкалаларының бірі арқылы тестілеу нәтижелерімен 
анықталады. Әр түрлі жас шкалаларына енгізілген тестілердің көпшілігінде 
логикалық, логикалық-перцептивтік және арифметикалық амалдардың 
менгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағдарлану
ырықты жад және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас 
шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе мен түйсікті басшылыққа алып, 
міндет-тапсырмаларды іріктейді. Олар өздері қамтыған материал бойынша 
(терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.) және ынталандырылатын 
ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын 
жастарға ұғынықты болуға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық өкілдік іріктемелерде 
эксперимент арқылы тексеріледі. 
Индивидуалдық
– 1) жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшілігі, тек 
соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік 
мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен 
тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. И. темперамент, мінез 
белгілерінде, мүдделер сипатында, перцепивтік процестер мен зият санасында, 
қажеттіліктері мен қаблеттерінде көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет