Құмарлық – инстинктивті тілек, индивидті осы тілекті қанағаттандыру
бағытында әрекет атқаруға итермелейді.
Мотивтер күресі – шешімқабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің
сатысы.
Мінез-құлық – өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез
ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа
адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,
қайырымдылык, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар,
қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.
Неке – қабылданып отырған ақпаратты әсерлеу және кейінгі сақтау
процесі.
Оқыту диагностикасы – қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын
белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың
жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау.
Оқытудағы теория мен практика байланысы – теориялық білімнің іс
жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақгы
іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді.
Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар,
факторлар мен объектілердің жиынтығы.
Психодиагностика (психо – және diagnostikos – айырып тануға қабілетті)
– адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы
сандык сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп
адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін
ізденіс аумағы.
Психология (грек. рsусһе-жан, logos-ілім) – тіршілік қарекетінің ерекше
нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы
ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық
процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар
физиологиялык процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше
болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.
Психопатия (грек. рsусһе -жан, pathos – зардап шегу, ауыру) – мінез-
құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне
кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.