137
ақиқат дүниенің сананың ішкі жоспары құрылымына айналуы болып
ұғынылады. Интериоризацияны психиканың
белгілік ақпаратты сырттан
алуының, ішкі өндеуі мен сақтауының қандай нысандарынан болсын ажырата
білу керек.
Интерференция
(лат. inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы;
көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтіру дегенді білдіреді) –
психологияда
қарама-қарсы
эмоциялар,
мотивациялар,
құндылықгар
арасындағы
қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер
етуінен оның әлсіреуі. И. вербалды И., моторлы-акустикалық болып бөлінеді. И.
ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі.
Интроспекция
(лат. introspectare-ішіне қарау) –
өзінің психикалық
тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының
психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз
бола алмайды, тек жасырын психикалык іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде
ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И.
ұғымы
өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана
құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі
өзіңнің психикалык өмірінді
бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек.
Инфантилизм
(лат. infantilis-бала) –ересек адамда балалық жасқа тән дене
немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.
Кәсіптік бағдар беру
– әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен
еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала
отырып халыққа кәсіп тандауда,
іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу
орындарының,
мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялык ұйымдардың
ақпараттық және ұйымдастырушылық- практикалық іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: