Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243

Әлеуметтік оңалту
Әлеуметтік оңалтудың нәтижелілігін арттыру мақсатында мына шаралар
қолданылатын болады:
1) мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің одан әрі дамуы мыналарды
көздейді:
мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейту;
әлеуметтік және әлеуметтік-консультативтік көмекті (ерекше мұқтаждықтар мен
қажеттіліктерге қарай);
медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға медициналық-әлеуметтік,
білім беру және түзеу қызметтерін;
барлық жас топтарындағы мүгедектерге арналған күндізгі оңалту мекемелерінде білім
беру және медициналық қызметтерді;
медициналық және басқа көмек алуды, шығындарды реттеуді, шаруашылықты
ұстауды және тұрмыстық қызметтер көрсетуді, әлеуметтік қарым-қатынасқа жәрдемдесуді
көздейтін үйде әлеуметтік көмек көрсетуді;
Жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне көмекші және құлағы естімейтін
мүгедектерге ымдау тілінің маманынберу жөніндегі қызметтер көрсетілетін болады;
2) мүгедектердің техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға, протездік-
ортопедиялық, сурдо- және тифлокөмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыру;
Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуді
жақсарту мүгедектердің қажеттіліктерінің неғұрлым дәл есебінің және қызмет көрсетуді
мүгедектер тұратын жерге жақындату негізінде жүзеге асырылатын болады.
Протездік-ортопедиялық қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында:
протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіру ісін басқару құрылымын оңтайландыру;
модульдік технология бойынша жасалатын протездік-ортопедиялық өндірісін
техникалық қайта жарақтандыру және ұлғайту көзделеді.
Сурдологиялық көмек қызметін дамыту:
денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінің функцияларын
саралауға және қызметтерін үйлестіруге негізделген сурдологиялық көмек жүйесінің жаңа
түрін құруды және дамытуды;
аудандық, қалалық, облыстық сурдологиялық кабинеттер желісін ұйымдастыруды;
сурдологиялық көмекке мұқтаж нашар еститін балаларды есепке алуды және оларды
серпінді бақылауды жетілдіруді қарастырады.
Нашар көретін мүгедектердің тифлоқұралдарға қажеттілігін қанағаттандыру жөнінде
қосымша шаралар қабылданатын болады.
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші компенсаторлық құралдардың тізбесі,
оған міндетті гигиеналық құралдар енгізу есебінен ұлғаятын болады;
3) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті
қамтамасыз ету.
Мүгедектердің қолы жетерліктей тыныс-тіршілік ортасын құру жөніндегі іс-шаралар
олардың әлеуметтік кірігу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі,
автомобиль көлігі саласында қабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес:
жобалау және құрылыс бөлігінде:
мүгедектердің тұруына және тіршілік әрекетіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да
қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындаәзірленген мемлекеттік стандарттарды іске асыру;


жобаларды сараптау сатысында мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен
топтарының көрсетілгенобъектілерге қол жеткізу жөніндегі құрылыс нормалары мен
ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
объектілер салу барысына және мемлекеттік нормалар мен стандарттардың
сақталуына бақылауды күшейту. Іске енгізілетін ғимараттар мен құрылыстардың
дайындағын бағалау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына әлеуметтік
қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметшілерін енгізу
көзделуде;
жұмыс істеп тұрған объектілер бөлігінде:
жұмыс істер тұрған әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым
объектілеріне түгендеме жүргізу, қайта жаңартуды талап ететін объектілер тізбесін жасау.
Әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылымды мүгедектердің қол жетуі үшін
ыңғайлау жөніндегі жұмыс жоспарын жасау және оны іске асыру;
мүгедектердің ОЖБ-да көзделген тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мүгедектердің тұрғын үй-жайды ғимараттың қабатын, үлгісін, көркейту дәрежесін және
басқа ада қажетті жағдайларды ескере отырып таңдау құқығы сақталды;
жалпы пайдаланудағы көлік бөлігінде :
қала ішіндегі жол жүру көлігінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушыларын, сондай-ақ 1-2 топ мүгедектеріне тегін жол жүру;
мүгедектер үшін арнаулы бөлінген қондырғыш алаңшаларды отырғызу және түсіру
құрылғыларымен жабдықтау;
4) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Ақпараттық қызметтерге мүгедектердің қолжетімділігн кеңейтуге қазіргі заманғы
жеке коммуникация құралдарына ие болу үшін мүгедектердің мүмкіншіліктерін кеңейту;
облыстық және Семей қалалық телерадиохабарлағыш ұйымдардың ақпараттық
каналдарына сурдоаудармаларды енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет