№2 (127)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы -
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Сөзбен сездіруге, тілмен түсіндіруге қиын мұндай құдіретті құбылыс ақынның
жан-жүрегін еріксіз жаулап, оның өзі де сол адамнан зият жануардың кейпіне кіргендей
болады:
О бастан саған ынтызар туған аруана тектес ұл ем мен,
Қазығын таппай қайырылмас.
Шетсіз-шексіз қазақи кеңістік көкжиегіне тартылған сүрлеу-соқпақтай созылып
жатқан өлең тармақтары кей тұста шорт кесіліп, шолақ қайырылады
(«...Жетер ме адам
сөзі оған!», «...Тауға да керек астана, Тасқа да керек астана», «... Сен мұны менен бетер
ұқ!»)
да, көп кідіртпестен келесі сәтте-ақ ары жалғаса желіп кете береді. Бұл да жайдан-жай
емес: лекіп-лақылдап төгілген ақжарма жырдың әлқисса-әңгімесі секілді, алқындыны ба-
сып, ақылды байырқалатар мезеттік аялдамаға барабар. Міне, шын поэзиядағы мазмұн мен
пішіннің «самородный сары алтын» (Абай) құймасы осы. Өлеңнің мәресіне қарай –
«жүре-
гін тоқсан пәршалаған»
сағыныштан
«сарғайып, сабылып ұшқан»
лирикалық «меннің»
соншама асыққан маңдай тірер мекені қайсы екен деп құмарта, қызыға бастағанда да ақын-
дық болмыстың ірілігі қайран қалдырады. Оның
«жетіп-жығылатын»
жері әдеттегіше –
әлдебір құм қойнауындағы
алақандай ауыл, үлкен жолдың үстіндегі қала типтес қыстақ
немесе дерек-дәйегі белгісіз, адрессіз, абстрактілі қандай да бір қоныс
болып шықпайды.
Ақынның ардақ тұтар аңсары, арманы – еншісі бөлінбеген тұтас Ел.
Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен
Достарыңызбен бөлісу: |