«Дала-Ару»
,
«Дала-Ана»
ұғымдары өзара шарпысады.
Ендеше, патриот ақын Жерді бірде ғашық аруға, бірде ғазиз анаға теңестіру арқылы
өзгеше көркемдік өрнек қана емес, елдің туған топыраққа деген сүйіспеншілік сезімін тәр-
биелеудің тартымды тәсілін де тапқан.
1960 жылдар поэзиясының көрнекті өкілдері Қадыр Мырзалиев (Мырза Әлі),
Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов поэзиясында жолығатын «Жер-Ана» бейнесі
де өзінше суреттелген.
Қ.Мырзалиевтің «Маған болу керек еді...» деп басталатын өлеңіндегі ұлы Отанының
«көк орманы», «қыр гүлі», «тау суы», «бұла таңы»
болып жаратылмағанына өкінетін ли-
рикалық қаһарман сөзінің соңында
«О бастан-ақ анам – Дала, әкем менің – Күн екен,// Осы
мені ата-анамнан бөліп алған кім екен?!»
[6, 22 б.] деген риторикалық сауал тастайды.
М.Мақатаев табиғат лирикасына жататын өлеңінің атын «Ұқсастық» деп қойыпты.
Образға орап айтпағы да сол:
босанған Ана
мен көктемде
бусанған Даланың
арасындағы
ұқсастық.
Ұл тапқан жас ана біресе тұла бойы тершіп, біресе шөлін шаймен қандырып
жатса, ақын қиялында Дала да осының бәрін бастан кешіреді. Ананың адал жары қалжа-
сын даярласа, даланың серігі диқан да қам-қарекет үстінде – «тәй-тәй саусағын жаяр» көк
егінді күтулі. Автор өлеңін:
Жерді – Анама,
Анамды Жерге теңедім,
Екеуінен де егіз ұқсастық көремін
[7, 198 б.], -деп дағдылы констатация
түрінде аяқтаған.
Ж.Нәжімеденовтің «Салмақ туралы» атты өлеңі [8, 11-13 б.] – кеңсенің ұсақ тірлігі-
нен космостың ұлы тынысына дейінгі аралықты жалғап жатқан адамзат өмірінің мың-мың
түрлі белгі-бедерін суреткерлік қиял құшағына қаусырып, бір ғана құдіретке – туған жерге
табынуды дәріптейтін толғақты дүние. Содан болар, ақынның Жер-Анасы әмбелік – жалқы
да, жалпы да мазмұнға ие:
Салмақсыздық, меніңше, барлық заңға жат болар,
ұлдарының Жер-Ана алыс жолға аттанар
оралсын деп тезірек салмақтарын ап қалар...
..................................................................................
Сенде менің бөлінбес күллі ырысым, күллі есем,
Ей Жер-Ана, не ойласам – ораласың тілге сен.
Жапырағыңмен сыбырлап отырмасаң күнде сен,
Мен өнерде өзімнің салмағымды білмес ем!
.......................................................................................
Саулығымды ал,
Санамды ал,
Туған жерден тек мені – салмағымнан айырма!
213
Достарыңызбен бөлісу: |