Хабаршысы bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University вестник



Pdf көрінісі
бет19/36
Дата09.06.2022
өлшемі2,6 Mb.
#146268
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
ана архетипі

Ұлт тіршілігінің ұйтқысы
– 
ауыл көбіне-көп көркемдік фон есебінде алынды.
Қоғам 
құбылыстарын, халықтық мінезді нақты бір далалық кейіпкердің бейнесі мен қимыл-қаре-
кеті арқылы бедерлеу дәстүрі қалыптасып, ол Бейімбет Майлиннің Мырқымбайынан бастап 
Есенғали Раушановтың Мұратбергеніне дейінгі аралықта желісін үзбей жалғасты. 
Өкінішке қарай, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, Қ.Шаңғытбаев, Ғ.Орманов, Қ.Бекхо-
жин, т.б. талантты ақындардың туындыларында белгі берген жемісті тенденцияны 1940-
1950 жылдардағы «ұлтшылдыққа» қарсы күрестің кезекті науқаны бірсыпыра уақытқа те-
жеп тастағаны мәлім.
Қазақ ақындарының ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпағаны жоқ; бірақ 
оны өз шығармашылығында саналы түрде бүтіндей бір идеялық-поэтикалық концепцияға 
айналдырғандары көп емес. 
Сондай көрнекті ақындардың бірі – Қадыр Мырзалиев. Оның үш томдық шығар-
малар жинағына алғы сөз орнына жазған «Қадырдың қадірі» атты мақаласында академик 
З.Қабдолов: «...
Әрбір шын мәніндегі суреткер секілді Қадырдың да кешегі жыры – Адам 
туралы болатын, бүгінгі жыры да – Адам туралы, ертеңгі жыры да – Адам туралы бол-
мақ. Ал адам, оның тағдыры мен тіршілігі әдеби шығармада әрқашан белгілі бір уақыт 
пен кеңістікте көрсетілуі шарт. Демек, Қадырдың адамы да мезгіл-мекенсіз әлдебір аб-
стракциялық нәрсе емес. Сондықтан Мырзалиев поэзиясында үзілмейтін өзекті желі боп 
тартылып, жан-жақты ашыла суреттеліп, жинақтала тұлғаланып келе жатқан бір 
күрделі образ бар. Ол –– қазақ даласының образы
» [11, 8 б.], - депті. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - 
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
214
№2 (127)/2019
Оның ең алғашқы – «Ой орманы» жинағында (1965) 
«Уа, далам! Кеңдігіңе тамсан-
дым көп, // Айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп. // Сен – алып пластинка дөңгелен-
ген, // Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп!»
деген метофоралық-декларативті шумақпен 
аяқталатын «Дала» атты өлеңі мен табиғат тамашаларын суреттейтін лирикалық миниа-
тюрлары («Шалғын», «Шілде», «Көл», т.б.) басылған. Бұлардан ақынның көп сөйлегеннен 
дөп сөйлегенді қалайтын стилі (лаконизм), суреткерлік көзі мен көңілінің байқампаздығы, 
қиырдағыны қиыстыратын тапқырлығы секілді қасиеттері сезіледі.
Әр әдеби туындыға баға бергенде оның жарыққа шыққан дәуірінің ерекшеліктерін 
ескерген жөн десек, ұлттық таным мен талғамның айшықтарына сусаған 1960 жылдардағы 
қазақ оқырманының шын мәніндегі рухани-тарихи әліппесіне айналған келесі – «Дала ди-
дары» (1966) кітабында Қадырдың тығыз тұтастықтағы ақындық және азаматтық өресінің 
қауырт өсіп-өрлеуі ажарланды.
Бұл жинақта автор ілгерідегі тоталитаризм тұсында әбден қасаң қағида болып қа-
лыптасқан – бұрынғы дала мен бүгінгі даланы бітіспес қарама-қарсылықта алып суреттеу 
әдісінің қабырғасын қақыратты. Бағзы заманның айтылып-айтылып құлақ сарсытқан жа-
маншылықтарымен қатар, «жұп-жұқа оқулыққа» кірмей қалған қалың-қалың жақсылықта-
ры да болғандығын жинақтың «Көне заман көріністері», «Тарихпен тілдесу», «Шоқ жұл-
дыз» атты бөлімдерінде көркемдікпен кестеледі. Ақын әуелде «Жар-жар», «Бесік жыры», 
«Бата» үлгісіндегі стилизацияларға жүгінсе, келесі ретте көкпар, қазақша күрес, қыз қуу 
секілді ұлттық ойындардың өз көкірегінде қорытылған бейнесін көз алдымызға келтіреді, 
басқа бір тұста халықтық мінез, жұрттық болмыс, елдік тағдыр турасындағы толғаныста-
рын түйіндейді, ақыр соңында тарихи ұлы тұлғаларымыздың әсерлі портреттерін жасай-
ды. Кітапқа кірген өлеңдерде қазақтың өткен өмірін әсіресе әспеттеу (идеализациялау) 
көп деген сыни байыптамалардың да біраз айтылғандығы белгілі. Бір қарағанда, мұндай 
пікірлердің жаны бар сияқтанғанымен, ақынды ақтап алу да қиын емес: біріншіден, әлгі-
дей көріктеу тәсілі – поэзия табиғатына о бастан тән нәрсе; екіншіден, бұл – отаршылдық 
құрсауындағы қазақтың отаншылдық сезімін ояту, тарихи санасын жаңғырту мақсатын-
дағы ақынның өзіндік амалы. Қадырдың өлеңіндегі кішкентай деталь, шағын штрихтың 
өзіне ұлттық астар арқалатуы да сол себепті болатын. Ақынның «Дала дидарынан» кейінгі 
«Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Домбыра» (1971), «Жерұйық» (1976), т.б. кітап-
тарында Дала образы басқа да мән-мазмұнмен және мінездемелермен үздіксіз байытылып, 
ол келе-келе Ұлт образы деуге болатын бүтіндік пен биікке көтерілді. 
Қазақ поэзиясында бұрыннан бар сағыныш мотивін уыздай уылжыған күйінде ерек-
ше ынтықтық пен ынтызарлыққа орап, алабөтен іңкәрлікке бөлеп ұсынған талантты ақын 
Төлеген Айбергенов туған жер туралы толғаныстарында да басқаша бояу танытты. Оның 
ішінде әсіресе «Аруана бауыр дүние» атты өлеңі [12, 80-81 б.] – ақын кеудесінде атойлаған
нар идірер алапат күй мен саумал таза сезімнің, тайпалған желмая сарын мен керуенбасы 
ойдың кіршіксіз, керемет үйлесімі. 
Тұңғыш болып Төлеген түп тамыры ноғайлы дәуіріне тарататын дәстүрдің талып 
жеткен дауысын жаңаша жаңғырықтырды. «Қарға бойлы Қазтуған» жырында жат жердің 
суынан жеріген бозмая бауырында боздаған ботасына қарамастан, төл топырағы – Жем 
бойына қарай желе жөнелетін. Ал Айбергеновте осы тәрізді ситуация эпостағыдан да өткір 
коллизия арқылы көрсетіледі: 
Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтіріп, 
 
 
Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп, 
 
 
Жеріне тартып отырады екен моншақтап жасы боздаумен 
 
 
Омырауын шерге толтырып. 
 
 
Апталап, айлап таңдайын мейлі тасбауыр шөлдер құрғатсын, 
 
 
Қазығын таппай тоқтамайды екен мәңгілік тіпті күн батсын...


215


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет