Келем мен бүгін қасиетті байтақ Қазақстанды көтеріп!
– деген соңғы
егіз жол –
сол асқаралы отаншылдықтың айғағы.
Сөйтіп, 1960-1980 жылдардағы қазақ поэзиясында туған жер культі жаппай тұрақ
тепті деуге болады. Осы аралықта жарық көрген жыр жинақтарын топонимикалық тұрғы-
дан түгелдей бір тексеріп өтсе, республиканың түпкір-түпкірінде орналасқан үлкенді-кішілі
мекендердің аттары аталмай қалғаны некен-саяқ болып шығар еді.
Қазақ поэзиясында елдің жағрафиялық шет-шегін – күнгейі мен теріскейін, баты-
сы мен шығысын тұспалдайтын поэтикалық сөз-символдар да қалыптасты. Мысалы, Ілияс
өзінің «Дала» поэмасында Қазақстанның төрт тарабын Алатау, Атырау, Сыр, Ертіс образда-
ры арқылы бейнелесе, Мұқағали сәл-пәл өзгешелеп – Алатау, Алтай, Арқа, Атырау ұғымда-
ры арқылы жинақтайды. Осылай ойлау машығы дәстүрлі поэзиямыздың арнасынан алшақ
жатпағаны айқын.
Әдебиет тізімі
1 Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 1. - Алматы: Ғылым, 1977.
– 454 б.
2 Пушкин А. Полное собрание сочинений. Т. 3. – Москва: Издательство Академии наук
СССР, 1963. – 558 с.
3 Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 3: Поэмалар. – Алматы: Қазығұрт,
2004.– 408 б.
4 Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы:
Жазушы, 1986. – 340 б.
5 Молдағалиев Ж.Жыр күнделіктері: Таңдамалы өлеңдері. – Алматы: Жалын, 1981. – 256 б.
6 Мырзалиев Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Т. 2: Домбыра. Алақан. – Алматы:
Жазушы, 1989. – 432 б.
7 Мақатаев М. Жырлайды жүрек: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1989. – 496 б.
8 Нәжімеденов Ж. Темірқазық: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1982. – 344 б.
9 Нұрғалиев Р. Қазақ революциялық поэзиясы. – Алматы: Мектеп, 1987. – 283 б.
10 Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз: Әдеби-сын мақалалар. -
Алматы: Жазушы, 1989. - 192 б.
|