туған жер –
родное пепелище ,
өлген мола –
отеческие гробы ), осы заң-
дылықтың арғы түп-төркінін меңзейді.
Ұлт менталдығының бастапқы сатысында
архетиптер , әйтпесе
идеал-концепт (Н.А.Бутенко), немесе
символ (А.Ф.Лосев) тұрады.
Архетип - адам жанының түкпірінде бедерленген ілкі бейнені, түпкі пішінді, әуелгі бітімді білдіреді . Осындай алғашқы баста-
у-белгілерді ойшылдар түрлі терминдермен ишаралаған. Мысалы: Л. Леви-Брюльде –
«
representations collectives », яғни ұжымдық түсініктер; М. Мосста – «
ой-қиял ұғымдары »;
А. Бастианда – «
қарапайым ойлар »; Г. Гегельде – «
әлемдік рух »; В. Гумбольдтта – «
ұлт- тың жаны ». Ұжымдық бейсаналық архетиптерді зерттеуде швейцариялық ғалым К.Г.Юнг
айрықша еңбек сіңірді. Оның пікірінше, архетиптер адамзаттың тарихи дамуы барысын-
да туған психикалық құрылымдарға жатады. Адам баласы айнала қоршаған болмыс құ-
былыстарына өз тиесілі мәдени орта тұрғысынан көз салады. Әрбір этнос өкілі үшін оның
жан дүниесін белгілі бір әсерге бөлейтін, сезімге орайтын идеялар мен бейнелер болады.
Ми қатпарында сәулеленген архетиптердің жаңғыруы сананы руханилықтың байырғы ке-
зеңдеріне қарай жетелейді; өткеннің ғана өлшемі болып қалмай, болашаққа бағдарланған
ойларға азық береді. Олар мифологиялық, фольклорлық мұраларда көрініс тауып, көркем
шығармашылыққа, оның ішінде кәсіби сөз өнеріне түрткі салады; жаңа дүниетанымдық
ізденістерге негіз қалайды. Әр этностың өмірінде өзіндік мәдени архетиптер бар; бұларда
халықтың дүниетанымының, мінезінің, шығармашылығының, тарихи тағдырының ерек-
шеліктері таңбаланған. Солардың бірі – жалпы адамзатқа ортақ, сонымен қатар әр қоғам-
дық ортада өз ерекшелігін байқататын