36
болып қалыптасқан. Сондай жырдың бірі – "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу".
Оның сюжеті бірнеше елде бар: алтайлықтарда, башқұрттарда, татарларда...
Қазақтың "Қозы Көрпеші" – ежелгі сюжетті үлкен эпикалық жырға
айналдырған туынды. Бұл, шамамен, ХVІ-ХVІІ ғасырларда жүзеге асқан,
бірақ XVIII ғ., әсіресе, XIX ғасырда жыр осы күнгі түріне келген. Шоқан
Уәлихановқа Жанақ жырлаған "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" – бізге жеткен
үлгілердің
ішіндегі ең толығы, әрі көркемдісі. Демек, қазақ романдық
эпосының күрт қаулап, гүлденген тұсы – XIX ғасыр. Оның басты себебі –
қазақ жұртының сыртқы жау шапқыншылығынан құтылып, өмірде енді
жаугершіліктің орнына біршама тыныштық орнаған болатын.
Осы шақта
лирикалық жанрлар алға шығып, ғашықтық жырлар жиі орындалатын болды,
сонымен бірге қоғамда идеал да өзгерген-ді. Ендігі жерде үлкен күштің ғана
емес, сондай-ақ сұлулықтық, парасат пен әр алуан өнердің иесі, яғни сегіз
қырлы, бір сырлы жігіт – идеалға айналған еді.
Міне, осы кезеңде "Қозы Көрпешпен" қатар "Қыз Жібек", "Айман-
Шолпан", т.б. жырлар, шығыстан келген дастандар ел арасына кең тарады.
"Қыз Жібек" жыры классикалық эпостың да дәстүрін пайдаланған. Онда
ғашықтық тақырыппен бірге батырлық та енген. Айталық, Сансызбайдың
Қорен
ханмен жекпе-жегі, содан кейін қалың қолмен бір өзінің соғысуы.
Жалпы, ғашықтық жырда қаһармандық мүлде жоққа шығарылмайды, бірақ
басты сарын – екі жастың сүйіспеншілігі мен олардың махаббат үшін күресі.
Бұл үрдіс кейінгі дәуірде туған жырларда да байқалады. Мысалы, "Айман-
Шолпан" жыры. Рас, қазақтың ғашықтық жырында суреттелетін махаббат
шығыс
дастандарындағыдай емес, кәдімгі тіршіліктегі шынайы сезім,
сондай-ақ ғашықтар да әдеткі күйлерінен адаспайды, есінен танып,
құлап
жатпайды. Жігіттер мен қыздар бейнесінде батырлық эпосқа қарағанда
біршама өзгешелік бар. Тіпті, әр мезгілде туған ғашықтық жырлардың өз
ішіндегі кейіпкерлер де бір-бірінен ерекшеленеді. Баян мен Жібек бірдей
емес, ал Айман – басқа типтегі қыз. Бұл образдарда
әр дәуірдің идеалдық
түсінігі көрінеді.
Ғашықтық жырларда ғұмырнамалық тұтастану бар, олардың поэтикасы,
әсіресе, композициялық құрылымы мен кейіпкерлерді суреттеуі таза эпостық
үлгіде болады. Алайда, мүнда да нақты портрет, терең психологизм жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: