Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет22/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

Қаһармандық дастандар.
Бұлар мазмұны жағынан да, сюжеті 
жағынан да таза батырлық сипатта болмайды. Мұнда кейіпкердің ерлігінен 
гөрі басынан кешкендері көбірек әңгімеленіп, оның қаһармандығы елге 
шапқан жаумен шайқаста емес, оған кездейсоқ кездескен қауіпті жандарды
немесе айдаһар, дию, дәу сияқты мақұлық-құбыжықтарды өлтірген тұста 
көрінеді. Осы тұрғыдан келгенде бұл дастандар классикалық батырлар 
жырына емес, біздің батырлық ертегілерге ұқсайды. Мұны кейіпкердің іс-
әрекетінен ғана емес, дастанның сюжетінен де көруге болады: олардың 
сюжеті, негізінен, ертегілік болып келеді. Сондықтан қаһармаңдық дастанды 
кейбір ғалымдар жеке дараламайды, оны новеллалық, немесе ертегілік дастан 
деп атайды, я болмаса діни дастандар құрамына енгізеді, өйткені батырлар 
кейде исламның қайраткерлері болып келеді. Алайда, соған қарамастан бұл 
дастандардың баяндалуы, жалпы поэтикалық болмысы батырлық 
эпостың табиғатына жақын ("Иранғайып шаһ Ғаббас", "Баһрам", "Мәлік 
Хасан", т.б.). 
Ғашықтық 
дастандар.
Мұнда 
негізгі 
сюжет 
екі 
жастың 
сүйіспеншілігін жыр етеді. Қазақтың ақын-жыршылары мен қиссашылары 
ғашықтық мәселесіне арналған шығыс дастандарын ғана жырлап қоймай, 
солар типтес шығармаларды өздері де шығарған. Сөйтіп, "Сейпілмәлік", 
"Жүсіп-Зылиқа" сияқты таза шығыстық дастандармен бірге сол үлгіде 
ғашықтық дастандар тудырған ("Бозжігіт"). Жалпы, ғашықтық дастандар да 
шығыста кең тараған кітаби шығармалардың сюжетіне құрылған. Мысалы, 
"Мың бір түн" кітабы және Фирдоуси, Низами, Фзули сияқты 
классиктер туындылары. Солай бола тұрса да, бұл шығармалар қазақ 
топырағында біздің фольклорлық сипатты қабылдаған, эпикалық дәстүрлі 
мотивтермен, қосымша сюжеттермен, ситуациялармен толыққан. Рас, соның 
өзінде де бұл дастандар қазақтың ескіден келе жатқан ғашықтық 
жырларынан ерекше. Мұны кейіпкерлердің мінез-құлқынан, олардың іс-
әрекетінен, сюжеттің құрылымы мен оқиғалардың дамуынан, т.б. 
белгілерден көруге болады. Айталық, бас кейіпкерлер сауатты, медреседе 


38 
оқып, білім алған; екі жас бір-біріне сырттай, түс көріп, немесе басқа 
жағдайда ғашық болады. Екеуі, әсіресе, жігіт көп қиналады, ұзақ сапар 
шегеді. Қызды тауып, жолыққанда ол көрген азабын айтады, мұңын шағады, 
тіпті жылап та жібереді. Ғашықтар сезім күштілігінен естерінен танып, талып 
жатады, т.т. Мұнда махаббат экзальтациялық мәнге ие болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет