Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Балалардың өздері шығарған шығармалар



Pdf көрінісі
бет30/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

Балалардың өздері шығарған шығармалар.
Негізінен, мұндай 
шығармалар ересек балалардың арасында туып, орындалады. Олардың 
ішінде ғұрыптық та, ойындық та фольклор бар. Демек, мұнда әрі тұрмыстық, 
әрі эстетикалық мақсат қатар жүреді. Бір топ шығарма маусымға байланысты 
болса, екінші топты балалардың арнау-тілек, сондай-ақ күнделікті 
тіршілікке, табиғатқа, жан-жануарға қатысты жай өлеңдері құрайды. Ендігі 
бір топқа балалардың бірін-бірі сынау, білу, тану үшін айтылатын, сондай-ақ 
сөз бен өнер сайысын көрсететін шығармалар жатады (тақпақ, сұрамақ, 
қызықтама, мазақтама, санамақ, өтірік өлең, жұмбақ, т.б.). Бұларда біршама 
көркемдік сипат бар, олардың ұйқасы, ырғағы, шумағы, тағы басқа бейнелеу 
құралдары – тегіс фольклор дәстүріне сай. 
Әрине, балалар фольклоры тек осы аталған үлкен екі топпен 
шектелмейді. Мұнда үлкендердің де кейбір, дәлірек айтқанда, оу-баста үлкен 
адамдарға арналып, бірақ бірте-бірте балалар қауымына ойысқан 
шығармалар да бар. Бұлар – балалар репертуарынан мықтап орын алып
өздерінің алғашқы мән-мағынасын, ежелгі функциясын жоғалтқан, сөйтіп 
басқа мақсатта орындалатын шығармалар (этиологиялық мифтер мен 
ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар). Олар көркемдік 
қасиеті жағынан да ерекшеленіп тұрады. 
Дидактикалық фольклор. 
Фольклордың бұл түрі өзінің құрамы 
жағынан біркелкі емес. Мұнда оу-баста дидактикалық мақсат емес
танымдық, ғұрыптық қызмет атқарған жанрлар (жұмбақ, мақал, мәтел), 


44 
сондай-ақ тек ғибраттық роль атқарып дүниеге келген жанрлар (мысал, 
терме) және таза практикалық міндет арқалаған жанрлар бар (жаңылтпаш, 
шешендік сөз). Соған қарамастан бұлардың басын біріктіретін қасиет – 
дидактикалық сипаты. Бұл топқа енетін шығармаларда, негізінен, дайын 
ақыл, кеңес беріледі, сөйтіп белгілі бір оқиғаны баяндау, немесе құбылысты 
суреттеу аркылы күдік тудырмайтын қорытынды жасалады. Олардың 
әрқайсысының түкпірінде тағылымдық, тәлімдік ой жатады да, 
тыңдаушысына нақты іс-әрекетті, я болмаса бір жағдайда өзін қалай ұстауды, 
не істеуі керектігін нұсқайды. Бұлай болатын себебі – қорытынды да, ақыл-
кеңес те жинақталған тәжірибеге негізделгендігі. Ғибратты ой мен ақыл-
кеңес көбінесе есте сақтауға ыңғайлы, жаттауға жеңіл түрде айтылады, ал 
мұның өзі сол шығарманың да, ондағы ой-пікірдің де ұзақ өмір сүруін 
қамтамасыз етеді. Дидактикалық мәндегі шығармалардың басым көпшілігі 
ұйқасқа құрылған әрі ырғақты болып келеді, тіпті проза түріндегілердің 
өздері де ұйқас тіркестермен аяқталады. Осындай ортақ белгілермен қатар 
дидактикалық жанрлар өзіндік сипаттарымен де ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет