«Ырғақты». Сөзімізді дәлелдейік.
Александр Затаевичтің 1925 жылы Орынборда шыққан «Қазақ халқының
1000 әні» атты жинағында бұл ән «Ырғақты» деп берілген [4]. Әнді айтқан
адам – кәдімгі Жүсіпбек Аймауытов. Осы әнге берген түсініктемесінде
А.Затаевич былай деп жазады.
«Ыргакты» имеет еще и другое значение, кроме «волнообразный». Так
называется и один из киргизских родов» [5]. Міне, әннің басқаша аталып
кетуінің себебі қайда? 1930 жылдардан бастап қазақтың дәстүрлері
«ескілікті», «керітартпа», «патриархалдықтың белгісі» делініп, ру мен
тайпалардың, тіпті үш жүздің атын әнге қосуға болмайтын еді. Ал, бүкіл
әннің атын рудың атымен атау – барып тұрған рушылдық деп есептелді.
Сөйтіп, Абыралы мен Қарқаралы аймағында тұратын
Ырғақты руының
атымен сәйкес келген
«Ырғақты» сөзін әннің атауы деп айтуға
қорыққандықтан ескі әндерге жаңадан сөз шығарушылар мен орындаушылар
ертеден айтылып жүрген
«Ырғақты» әнін
«Сырғақты» деп атап жіберген.
Сол атау әлі де жүр әрі ән мазмұнына нұқсан келтіріп тұр. Біріншіден,
«сырғақты» сөзінің мағынасы күңгірт. Ол – ақ тұйғын құстың аты ма, әлде
құсқа берілген анықтама ма? – бұл жағы белгісіз. Екіншіден, құсқа қатысты
анықтама болса, құс қалайша «сырғақтайды», ол тұғырда отыр емес пе?
Демек, осы сөздің өзі қаншалықты мағыналы әрі орынды? Ендеше әнде құс
«зыр қақты ма?» , әлде
«тырнақты ма?» болуы да мүмкін ғой. Олай болса,
«Ақ тұйғын құс қолымда тырнақты ма, Басып-басып алайын ырғақтыма» деп
айтқан дұрыс сияқты. Үшіншіден, әншілеріміз осы екі тармақты мүлде
шатастырып айтады да, әннің мазмұнын бұзады.
Дәл осындай жағдайды «Тілеу, қабақ» әнінен де көреміз. Қазіргі
айтылып жүрген нұсқасы «Айқайлап ән саламын Тілеуқабақ» – деп
басталады [6]. Мұнда да рулардың атын айтудан сескеніп, мәтінге өзгеріс
енгізілген. Дұрысы: