120
мен әні – Кеңес өкіметі мен Компартияның таптық күрес туралы ұғымы
бойынша түсінілген).
Халық әндері мен әнші-ақындар өлеңдерінен діни сөздерді, ру мен
тайпаның, үш жүздің атын, немесе олар туралы ұғымдарды алып тастау бүкіл
әннің, шығарманың мән-мағынасын бұзып, күлкілі жағдайға әкеледі. Бір-екі
мысал келтірейік. Бәрімізге белгілі «Қамажай» әні қазір былай айтылады:
«Үш топтан таңдап алған Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын»
[7]. Осы жерде заңды сұрақ туады: бұл неғылған үш топ? Қандай үш топ?
Бет-албаты үш топтан таңдап алған ба? – деп күлесің. Ақиқатында олай емес.
Үш жүзден таңдап алған
. Міне, Қамажайдың қандай қыз екенін осыдан
білуге болады. Яғни оны бүкіл қазақтың ішінен, үш жүзді аралап жүріп,
таңдап алған.
Дүниенің бәріне кедей таптың көзімен қарау, адамдардың өмірін,
олардың сезімін, ара-қатынасын «пролеткульт» көзқарасымен бағалау біраз
ән мен күйді, эпостық жырымызды, дастанымызды «халыққа жат» деп
есептен шығарып тастауға әкеп соқты. «Ұмыттыру» мүмкін болмаған
әндердің сөзін түгелдей, немесе ішінара өзгертуге мәжбүр еткен уақыт 1930-
50 жылдар арасы. Соның бір айғағы – Ақан серінің «Балқадиша» әні. Бәріңіз
білесіз, соңғы кезге дейін
Достарыңызбен бөлісу: