өзге септік жалғауларына негіз болады, басқа септік жалғаулары атау
тұлғаның үстіне жалғанады. Сөздің атау тұлғасы деген түсінікке негізгі түбір
тұлға да,
(бас, бала,),
туынды түбір тұлға да
(басшы, балалық),
көптік жалғау
тұлғасындағы сөз де
(бала-лар, басшы-лар),
тәуелдік жалғаулы сөз де
(бас-ым,
балалар-ың, басшылар-ы)
жатады.
Сондықтан атау тұлғадағы зат есім сөздері к і м ? н е ?
(оқушы, қағаз),
к і м д е р ?_ н е л е р ?
(оқушылар,қағаздар)
және тәуелденіп қолданылғанда
к і м і м ? н е м ? к і м і ң ? н е ң? к і м і ? н е с і? к і м д е р і м? н е л е р
і м? к і м д е р і ң ? н е л е р і ң ? к і м д е р і ? н е л е р і ? деген сұрақтардың
біріне жауап береді.
1. Атау тұлғадағы зат есім сөздері сөйлемде көбінесе бастауыш қызметінде
келеді. Мысалы:
Тәңірберген ел тізгінін ұстаған игі жақсылардан торығып
қалды ( Ә. Н.).
Бұл сөйлемдегі
Тәңірберген
деген зат есім к і м ? деген сұрауға
жауап беріп, атау тұлғада келіп сөйлемде бастауыш болып тұр.
2. Атау тұлғалы зат есім сөздері сөйлемнің аяғында тұрып баяндауыш
қызметінде де келе береді. Мысалы:
Болат
—
өте тәртіпті оқушы
деген
сөйлемде
оқушы
сөзі сөйлемнің аяғында келіп, баяндауыш болып тұр.
3. Атау тұлғалы зат есім сөзі екінші бір зат есім сөзімен тіркесе айтылып,
бір заттың белгісін көрсетіп, қ а н д а й? деген сұраққа жауап болып,
анықтауыш болып та келеді. Мысалы:
Олимпиаданың алтын медалін Бекзат
жеңіп алды.
Бұл сөйлемдегі
алтын
деген зат есім сөзі атау тұлғада екінші бір
зат есімнің алдында келіп, қ а н д а й? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш
болып тұр.
2.
Достарыңызбен бөлісу: