Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет132/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

-тың, -тің 
болып жалғанады 
(тас + тың, көш + тің, хат + тың, 
күрек + тің, қасық + тың, есеп + тің, цех + тың).
Ілік септік қосымшасы сөзге жалғанып, ашық түрде қолданылуы да, сөзге 
жалғанбай жасырын түрде қолданылуы да мүмкін. Мысалы: 
қойдың еті 
— 
қой 
еті; қаланың адамы – қала адамы.
Ілік жалғаулы сөз ашық түрде қолданылса да,
 
жасырын түрде қолданылса 
да сөйлемде анықтауыш болады. 
Ілік септік қосымшасы мына сияқты жағдайда жалғанбай, ілік жалғаудың 
жасырын түрі қолдапылады: 
а) Ілік септігінде тұруға тиісті сөз де, тәуелдік жалғаулы сөз де жалпы есім 
болып, бір логикалық екпінге бағынып, тіркесе қатар айтылса, ілік жалғаудың 
жасырын түрі қолданылады. Мысалы: 
ауыл адамы, жұмыс күні, қала халқы,
наурыз мерекесі, мал азығы.
ә) Ілік септік жалғауында тұруға тиісті жалқы есім сөзі мен тәуелдік 
жалғаулы жалпы есім сөзі
тіркесе айтылып бір географиялық атауды 
білдіретін болса, ілік жалғаудың жасырын түрі қолданылады. Мысалы: 
Абай 
көшесі, Орал тауы, Балқаш көлі, Іле өзені, Жамбыл қаласы, Алматы облысы.
б) Бір сөйлемде бір-бірімен матаса байланысқан бірнеше ілік жал-
ғаулы сатылы анықтауыштар қатар айтылғанда, сөйлеу және жазу тілдеріне 
стилдік жеңілдік туғызу үшін ілік жалғауда тұруға тиісті сөздердің 
алдыңғыларына ілік септік жалғау косымшасы жалғанбай, жасырын түрі 
қолданылады. Мысалы:
Ата-аналар жиналысы мектеп директоры 
орынбасарының кабинетінде өтті . 
Бұл сөйлемдерде 
мектеп директорының 
орынбасарының кабинеті, 
деген тіркестегі сатылы анықтауыштардың 
алдыңғыларының ілік жалғау қосымшасы жазылмаған.
в) Сөйлемде бірнеше ілік жалғаулы анықтауыштар қатар айтылғанда, 
стильдік жеңілдік туғызу үшін бірыңғай ілік жалғаулы анықтауыштардың 
алдыңғылары ілік жалғаудың жасырын түрінде қолданылады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет