Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 86. Етістіктің райлары



Pdf көрінісі
бет230/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 86.
Етістіктің райлары
Етістік сөздері тек іс, қймыл , амалды атап қана қоймайды. Істің қи-
мылдың істі істеушімен, мезгілмен байланысты, орындалу не орындалмау-
ының шарты, кімге арналғандығы шаққа, жаққа ажыратылып көрсетіледі. 
Оқы, жаз , сана
деген етістіктерде іс, қимылдың орындалуы екінші жақтағы 
адамға жүктеліп, міндеттеліп бұйрық ретінде айтылып тұр. 
оқыса біледі, 
айтса түсінеді 
деген тіркестерде бірінші етістік екінші етістіктегі айтылған
іс, қимыл , амалдың орындалуының шартын көрсетеді. Ол аман 
барғай
еді. 
Менің Алматыда 
оқығым келеді
. Бұл сөйлемдердегі 
барғай еді, оқығым кел-
еді
деген етістік сөздерінің тіркесі сол қимыл, амалды істеуге тілек, өтінішті 
білдіреді. Ал 
бару, жазу , келу
деген еістіктер қимыл , амалдың шағын, жа-
ғын көрсетпей, тек қимылды атап қана қояды. 
Сөйтіп, 
етістіктердің істі істеушімен, мезгілмен және басқа да жағ-
даймен жаққа, шаққа байланысты түрленіп құбылуын етістіктің
р а й к а т е г о р и я с ы деп атайды.
Рай категориясы төрт түрлі болады: 1) ашық рай, 2) бұйрық рай,
3) шартты рай, 4) қалау рай. 5) тұйық рай. 
§ 87. Ашық рай 
Іс, қимыл, амалдың мезгілге байланысты екенін көрсетіп, үш шақта 
және істі істеушіні көрсетіп , үш жақта айтылатын етістіктің түрі а 
ш ы қ р а й деп аталады.
Мысалы:
1) Шынымды айтсам, мен бүгін 
қатты 
қуанып отырмын. (
С.М.)
Ә, бәлем фашист, енді сазайыңды 
тартарсың.
 (Б. М-ұ)
Бұл сөйлемдердегі 
қуанып отырмын 
деген күрделі етістік осы шақты, 
бірінші жақты білдіріп тұрса
көрінеді
деген өтекен шақты, үшінші жақты 
білдіреді. Ал 
 тартарсың 
деген сөз келер шақты екінші жақтіфы білдіріп тұр.

125- жаттығу

Тексті оқып шығып, ашық райлы етістіктердің шағын, жағын 
айтыңдар. 



Манадан бері жалғанып, бір үзіліп, дами алмаған үлкен «ура» енді жауар 
бұлттай түгел торлап, қараңғы түнді кернеп келеді.
-
У-р-р- ра!!! 
-
У-р-р- ра!!!
Дыбыссыз әрпіне дейін күркіретіп созуға келетін жалғыз сөз, ендігі 
бөгелісіне қарамай, қалаға кір дегендей әмір етеді. Бұл- біздің үш тәулік 
күткен сәтті кезеңіміз. Бір солдатта бір-ақ ой бар. Ол –қатарындағы
жауынгерден бір адым болса да озық отыру. Ерсілі- қарсылы соққан «ура» 
толқынды аяғына күш түсірер еме, өзі көтеріп әкеле жатыр. Сонымен бірге, 
сен өзім дегенді ұмытып, алға ұмтылған көп қолды бір-ақ алдырмай, тұтас 
сезінесің. Үдете соққан «ура» теңіз толқынындай лықсып, қаланың үстін 
басып бара жатқандай, жоғары шығып алған.
Біз теңізшілер клубының маңайына жеткенде, от ішінде шайтандай секіріп, 
зытып бара жатқан жау әскерлерін көрдік. Солдат бойындағы қаруына дейін 
ттастап қашса, оның ар 
жағында
дәл бүгінгі жеңілістен гөрі де ауырырақ бір 
сүргін жатады. 
(Ғ. Мүсір.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет