252
11.2.2 Жарылған дәндерге қоспаларды қосу
Дән бетіне әртүрлі қоспаларды қосып жарылған дәндерді байы
-
тады.
үлпілдек тәтті жүгері дайындау.
Жүгерінің жарылған дәндерін
қорапқа жібереді, қораптан тербелмелі науамен қоспа салатын аппаратқа
бағыттап, сол жерге жинағыштан қант шәрбәтін құяды. Шәрбәтті дайын
-
дау үшін құмшекерді бөгде қоспалар мен кесектерден іріктеп елегіштен
өткізеді, және металдымагнитті қопаларды бөлу үшін магниттік
кедергіден өткізеді. Елеуіш саңылауының диаметрі 3 ммден үлкен емес
металтоқылған елекпен жабдықталған.
Сосын құмшекерді көлемдік дозатор арқылы диссуторға артады,
бірмезетте өлшегіш көмегімен суды құйып отырады (42% шекер мас
-
сасы мөлшерінде). Диссуторда ерітіндіні қайнағанға дейін жеткізеді
және қант концентрациясын ерітіндіде 7172%ға дейін жеткізіп,
бірнеше минут бойы қайнатады. Дайын шәрбәтті сүзгіден өткізеді және
қоспаларды қосу үшін аппараттың астында орналасқан және жылытқыш
құрылғымен жабдықталған жинағышқа насоспен береді, осыған байла
-
нысты шырынның температурасы тұрақты және 8085
0
С тең. Жарылған
дәндерге қантты қосу үдерісі жүгері үлпектеріне глазурь қосқанға ұқсас.
Қантталған, құрғатылған және қоспаларды қосуға арналған аппарат
-
та салқындатылған жарылған дәндерді тасымалдағышпен қораптау
автоматына (әдетте АПБ және АПД типіндегі қораптау автоматтары)
жібереді.
Үлпілдек тәтті жүгеріні массасы 50, 100, 150 және 200 г қораптарға
буып түйеді. Дайын қораптарды автоматта бумаларға қаптайды.
Достарыңызбен бөлісу: