11.3 Жарма түтікшелері
Жармалы түтікшелері ішінде ең көп тарағаны жүгері түтікшелері,
сондықтан төменде соның жазбасы келтіріледі.
Жүгері түтікшелері экструдер түріндегі арнайы машиналарда ұсақ
жүгері жармаларын өңдеу нәтижесінде алынатын, өнімдерден тұрады.
Олар тұтынуға бірден дайын және қосымша кулинарлық өңдеуді қажет
етпейді.
Жүгері түтікшелерін (76сурет) тербелмелі електе 1 әртүрлі қоспа
лардан тазалайды, шнекті кондиционерде 2 белгілі ылғалдыққа дейін
жеткізеді, ол жерге бірмезгілде жармамен бірге өте ұсақ тұзды неме
-
се тұзды ерітіндіні жібереді. Одан ары ылғал бірқалыпты таралуы үшін
жарманы температураны бірқалыпты ұстап тұратын қорапқа 3 ұстайды,
бункерден жарма жүгері түтікшелерін дайындау үшін машинаға 4 түседі.
Дайын жүгері түтікшелерін тарнспортермен 5 қорапқа 6 жібереді, ол
жерден көлемдік дозаторлар арқылы қоспаны қосатын үздіксіз жұмыс
істеп отыратын қондырғыға 7 барады. Содан кейін қорап 8 арқылы
өнімді қораптау автоматына 9 бағыттайды.
260
76-с
урет
.
Жүг
ері түтікшелерін өңдір
удің те
хно
логиялық сызбанұсқасы
261
Қант опасын ванилинмен, дәм қабықпен және басқа қоспалармен
араластырғышта 10 араластырады және дозатор арқылы қондырғыға 7
бағытталады. Сол жерге жинағыштан 11 өсімдік майын құяды.
Жүгері түтікшелерін өндіру үшін мөлшері екі металл електің саңы
лауларының мөлшеріне сәйкес жүгері жармаларын қолданады, олар:
біріншісі – d=1,2 мм (өтім) және екіншісі – d=0,67 мм (кетім). Өте
ұсақ жармалар машинада күйіп кететіндіктен, бұл шнектің сыналанып
қалуына әкеледі, содан машина тоқтап қалады. Өлшемдері ірі жармадан
біртекті масса алынбайды.
Жүгері жармасын №0,67 елегінен елеу кезінде ұнтақтарды іріктеуге
ерекше мұқият бақылау жүргізу қажет, ол машинаға түсіп қабырғаларында
күйіп кетуі мүмкін. Жақсы дайындалған жарма оны қолмен ұстағанда
алақанда ұн қалдығы ізін қалдырмауы керек.
Еленген жарманы шнекті кондиционерде тұзбен араластырады, тұз
мөлшері жалпы қоспа мөлшерінің 1% есебінен жармаға қосылады.
Егер жарманың ылғалдығы 1213% төмен болса, оны кондиционерге
(тұзды салғанға дейін) су құйып, кейде тұзды ерітінді ретінде қосып
ылғалдандырады. Кейбір жағдайларда жармаға тұз қоспайды.
Қажетті су мөлшерін В
с
анықтау есебі төмендегі формула бойынша
жүр гізіледі:
мұндағы:
А
– салынатын жарма мөлшері, кг;
Х
1
және
Х
2
– тиісінше
жарманың бастапқы және соңғы (қажетті) ылғалдығы, %.
Мысал.100 кг жармаға оның ылғалдығын
Х
1
= 10%н
Х
2
= 12%ға
дейін көтеру үшін қанша мөлшерде су қосу қажет екендігін есептеп
анықтау керек.
Жарманы сумен және тұзбен немесе тұз ерітіндісімен 5 минуттан
артық емес уақытта араластырады, содан кейін ылғалды бірқалыпты
үлестіру үшін жарманы қораптарда 23 сағат ұстап тұрады.
Қосылатын судың есептік мөлшері жарманың ылғалдығына байланыс
ты (есептік ылғалдылық 13% болғанда) 79кестеде келтіріледі.
262
79-кесте
Жарма ылғалдылығына байланысты қосылатын
судың есептік мөлшері
Жарманың бастапқы
ылғалдылығы, %
Қажет су мөлшері, 1 кг жармаға млмен
9,0
46
9,5
40
10,0
34
10,5
29
11,0
23
11,5
17
Жүгері түтікшелерін А1КХП жүгері түтікшелерін өндіруге арналған
машиналарда дайындайды, ол төмендегідей жұмыс істейді: ылғалдылығы
бойынша және ұнтақтау ірілігі бойынша кондицирленген және тұзбен
араластырылған жүгері жармасы машинаның қабылдау қорабына
түседі, ол жерден машинаның қоректендіргіші арқылы бұранда мен
цилиндр қабырғалары арасындағы кеңістікке түседі. Бұранда айна
-
луы есебінен жарма ақырындап қалыптастыратын тесікті (
d=2,8 мм
)
матрицаларға қарай жылжиды. Өнім матрицаға қарай жылжыған сайын
жарма массасындағы қысым бұранда қадамы ақырындар кемуі және жар
-
ма ылғалының буға өтуі есебінен көтеріледі, бір мезгілде машинадағы
жарма 170190
0
Сқа дейін қыздырылады.
Жоғары температура мен үлкен қысым әсерінен жарма қамыр тәріздес
массаға айнала бастайды, ол қамырдың жұқа ағындылары түрінде
матрицадағы саңылаулар арқылы сығып шығарылады. Айналып тұрған
пышақпен ағындылар ұзындығы 2565 мм кесектерге кесіледі және
транспортермен келесі үдеріске беріледі.
Қысымның күрт түсуі нәтижесінде өнімде ол машинадан шыққанда
судың жарылыс тәрізді булануы жүреді. Бұл кезде шығып жатқан
қамырдың жұқа ағындылары диаметрі жағынан 34 есе ұлғайып және
бірден кеуіп «жарылады». Машинадан шыққан соң біршама уақыт өткен
соң өнімнің ылғалдығы 56%ға дейін төмендейді.
Дайын өнімнің сапасы машинада масса қаншалықты жақсы өңделуіне
байланысты. Дайын өнім иілгіш және біртекті болуы қажет.
Егер өнімнің кейбір түйіршіктері пішінін өзгертпесе және тұтқырлы
созылмалы массаға айналмаса, дайын өнімде мұндай қажет емес түйір
263
шіктер болады. Егер мұндай түйіршіктер өте көп болса, матрицаның
тесіктері солармен толып қалады және машина тоқтайды.
Экструзия жолымен жүгері түтікшелерін алу кезінде жоғары темпе
-
ратура мен қысымда, «зеңбірек» термиялық аппараттарында жарылған
дәндер өндіруде байқалғандай, алынған өнімнің химиялық және
физикалық қасиеттері өзгеруі байқалады.
А1КХП машинасында жұмыс істеу кезінде машинаны іске қосқанда
ерекше мұқият қарау керек. Жұмысты бастар алдында жарты сағат бұрын
машинаның электрлі қыздырғышын қосады және цилиндрдегі темпера
-
тураны 170190
0
Сқа дейін жеткізеді. Содан соң машинаны қосады және
ақырындап 2325%ға дейін ылғалдандырылған (машинаны қосу кезінде
берілген ылғалдылықтағы жарманың әдеттегі шығыны 34 кг) жарма
-
ны бере бастайды.
Өнім матрица саңылауынан, машинаға жарманы беруді бастағаннан
1,52 минут өткенде шыға бастайды. Басқаша болған жағдайда машина
-
ны тез арада тоқтату және өнім шығуының тоқтауының себебін анықтау
қажет. Жарманы одан кейін де машинаға беруді іске асыру ұсынылмайды,
себебі бұл цилиндрде қысымның нормадан артық көтерілуіне және
матрицаның майысуына алып келуі мүмкін.
Матрица саңылау арқылы өнім шыға бастауыменақ, машинаға
ылғалдығы 1213% жарманы бере бастауға болады. Жарманы беруді
тоқтатуға болмайды. Белгілі уақыттан кейін матрицадан қалыпты
ылғалдылықтағы өнім шыға бастайды, содан кейін пышақты қосуға
және бекітілген режимде жұмысты жалғастыруға болады.
Машинаны іске қосу кезінде алынған ылғалды деформацияланған
түтікшелер ақаулы болып табылады және қалдыққа кетеді.
Машинаны жұмысқа қосу – жауапты және өте жұмысы көп опера
-
ция, сондықтан машинаны тек ұзақ уақыт үзіліс болғанда ғана тоқтату
ұсынылады, ал бір ауысымнан екінші ауысымға өту кезінде жүрісте
беріледі. Цилиндрге жарманы бірқалыпты беруге де мұқият байқау және
машинаға аса көп жүктеме салуға жол бермеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |