251
жолында болатын жаппаның арыны кезінде қақпақ ашылады және
цилиндрдегі өнім қысыммен қабылдау қорабына лақтырылады.
Қабылдау қорабының конструкциясы мен мөлшерлері мынандай бо
-
луы қажет, біріншіден, қорап жарылыс кезінде пайда болған бірмезетте
будың барлық көлемін жұтатындай (өнімнің кері тасталуы алдын алу
мақсатында), және, екіншіден, өнім жолда өзінің кинетикалық энергия
-
сын жоғалтқанға дейін мүмкіндігінше аз тосқауылдан өтуі (бұл оның де
-
формациясын азайтады және сынған түрде қалдығын төмендетеді).
Цилиндрден өнімді тастау кезінде сыртқы қысым бірден төмендейді,
осының салдарынан дәндегі (түйіршіктегі) үлкен қысымдағы ылғал бір
сәтте буланып кетеді, бұл жасушаның бұзылуына және оның ісінуіне
алып келеді.
«Зеңбірек» аппаратындағы жұмысшы қысымды, 7 кг жүгері неме
-
се дәл осындай мөлшердегі күріш жармасын өңдеу үшін 1 МПа, бидай
жармасы үшін – 1,2 МПа етіп ұстап тұрады; циклдың ұзақтығы 1215
минут.
Дәнді дақылдардың жармаларын (дәнін) «зеңбірек» аппаратын
-
да термиялық өңдеу кезінде өнімнің тек сыртқы түрі ғана емес, оның
физикалықхимиялық қасиеттері де өзгереді. Жарылған дәндердің
көлемдік салмағы айтарлықтай төмендейді, бұл өнімнің консистенция
сына оң әсер етеді. Дән сынғыш нәзік болады және жағымды дәмге
ие болады. Одан бөлек, крахмалдың мөлшері төмендейді, бірақ дек
-
стриндер құрамы күрт өседі, соның салдарынан суда еритін заттардың
мөлшері көтеріледі. Мұның бәрі дайын өнімнің тағамдық құндылығын
жоғарлатады.
Өнімді «зеңбіректен» тастағанда пайда болатын ұсақтүйекті және
де жарылмаған дәндерді бөліп алу үшін,
саңылауының диаметрі
төмендегідей металл штампталған елек арқылы виброелектен елейді:
жүгері жармасынан алынған жарылған дәндер үшін 7 мм, жүгері дәндер
үшін 12 мм, күріш пен бидайға 5 мм. Електің өтімі өндіріс қалдығы бо
-
лып табылады және малға азық ретінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: