Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет118/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

80-сурет.
Күріш дәні анализінің сызбанұсқасы


273
Қызыл дәндер
– гүлді қабықшалардан ажыратқаннан кейін қызыл не
-
месе сұрғылт­қоңыр бояулы дәндер.
Бор түстес дәндер
– консистенциясы ұнды немесе шыны тәрізді 
жолақтары бар дәндер.
Глютинозды (жабысқақ) дәндер 
ботқа консистенциясын төмендетеді, 
жарманы қайнатуда жабысқақ масса түзеді. Осындай дәндердің крахма
-
лы тек амилопектиннен құралған. Оларды сүтті шыны тәрізді консистен
-
циясы бойынша ажыратады. Дәндер кескенде стеарин тектес, түсі бо­
йынша біркелкі, ұнды немесе шыны тәріздес дақсыз келеді.
Ұнды және глютинозды дәндерді жақсы ажырату үшін оларды йод 
ерітіндісінде өңдейді (10­15 мл дистилденген суға йод тұнбасының екі­
үш тамшысы). Крахмал құрамында амилозаның болмауынан глюти
-
нозды дәндер қызыл­сұрғылт немесе қоңыр түске, ал ұнды – қою­көк 
түске ие.
Күріштің глютинозды ядролары күріш жармасының сұрпына әсерін 
тигізеді. Олардың жармадағы мөлшері шектелген: жоғарғы сұрыпта – 
1%­дан артық емес, біріншіде – 2% және екіншіде – 5%. Жарма зауы
-
тына күріш дәндерін жеткізгенде глютинозды күріш мөлшері 2%­дан 
аспауы қажет. Массасы 10 г өлшендіден бөлінген негізгі дәндерге жа
-
татын қызыл және глютинозды дәндердің мөлшерін келесі формуламен 
анықтайды:
мұндағы: m
1
– қауызсыздалған күріш өлшендісінен қызыл немесе 
глютинозды дәндердің масссасы, г; m
0
– массасы 10 г өлшендідегі 
қауызсыздалған дәндердің массасы, г.
Қызыл немесе глютинозды дәндердің жалпы мөлшері келесі форму
-
ламен анықталады:
мұндағы: 
m
2
– массасы 50 г өлшендіден бөлінген қауызсыздалған қызыл 
немесе глютинозды дәндердің массасы, г; m – массасы 50 г өлшендіден 
шөп­шаламды және дәнді қоспалардан бөліп алынғаннан қалған күріш 
дәндерінің массасы, г.


274
Бүлінген, жетілмеген немесе жасыл дәндердің мөлшерін келесі фор
-
муламен анықтайды:
мұндағы: 
m
1
– қауызсыздалған күріш өлшендіден бөлінген бүлінген, 
жетілмеген немесе жасыл дәндердің массасы, г; 
m
0
– массасы 10 г 
өлшендіден қауызсыздалған дәндердің массасы, г; 
m
– массасы 50 г 
өлшендіден шөп­шаламды және дәнді қоспалардан бөліп алынғаннан 
қалған күріш дәндерінің массасы, г.
Бүлінген, жетілмеген немесе жасыл дәндердің жалпы мөлшерін келесі 
формуламен анықтайды:
мұндағы: 
m
2
– массасы 50 г өлшендіден бөлінген бүлінген, жетілмеген 
немесе жасыл дәндердің массасы, г.
Эндоспермі сарғайған күріш дәндері дұрыс сақталмау немесе дәнді 
жинауда жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде пайда болады. Гүлді 
қабықшалардан ажырағаннан кейін ядро түсін анықтау мүмкін емес, 
себебі оны жемісті және тұқымды қабықтар және алейронды қабат 
көрсетпейді, сондықтан ядроны ажарлайды. Бұл үшін ЛУР­1, ЛУР­1М 
немесе УШР қондырғыларын қолданады.
ЛУР­1 лабораториялық қондырғысы (81­сурет) циклон­жинағыш, 
қауызсыздағыш, ажарлау поставы, електік классификатор, пневматикалық 
және аспирационды құрылғы­лардан тұрады. Майда және ірі қоспалардан 
тазартылған массасы 50 г күріш өлшендісінен қауызсыздағыш немесе 
ажарлау поставының жұмыс зонасына өнімді жеткізетін циклон­жи­
нағышқа орналастырады.
Қауызсыздағыштың жұмыс тетігі болып екі резеңкілі біліктер табы
-
лады, ал ажарлау поставының жұмыс тетігі – беті түрпілі конустық ба
-
рабан және қозғалмайтын конустық пішінді електік шентемір болып та
-
былады.
Қауызсыздау ұзақтығы гүлді қабықшаларды ажырату оңайлығына 
байланысты уақыт релесінің көмегімен анықталады. Қауызсыздалғаннан 
кейін өнім ажарлау поставына беріледі, сосын ұсақталған ядроларды 
бөлу үшін сұрыпталады.


275


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет