Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Дәннің қайта өңделетін қоспаларын құрастыру



Pdf көрінісі
бет121/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

12.3 Дәннің қайта өңделетін қоспаларын құрастыру
Жарма зауытында қайта өңдеу үшін дәнді қоспалардың рецептурасын 
құрастыру принципі ұн зауытындағы ұн тарту партиясын құрастырудан 
ерекшеленеді. Жарма зауыттарында әртүрлі типті және сұрыпты дәндерді 
және әртүрлі жер­климаттық зоналарда өсірілген дәндерді араластыруға 
мүлдем рұқсат етілмейді.
Партия құрастырған кезде қайта өңдеу үшін технологиялық қасиеттері 
жақын дәнді қоспаны алуға тырысады. Бұл үшін ылғалдылығы әртүрлі 
партияларды араластыруға болмайды. Рецепт құрамына кіретін 
(кептіргіш болмаған жағдайда) бөлек партиялар ылғалдылығы бойын
-
ша 1%­дан артық емес ауытқуға рұқсат беріледі.
Өлшемдері бойынша дәннің біркелкілігіне жоғары талаптар қойы­
лады. Бөлек партиялар арасында осы көрсеткіш бойынша ауытқу 10%­
дан артық болмау керек.
Барлық жарма дақылдарының сұрыптауын әдетте қиын бөлінетін 
қоспалар, қауызсыздалған және бүлінген дәндер мөлшері және минерал
-
ды қоспалардың мөлшері бойынша, ал күріш дәндерін сондай­ақ қызыл 
қабықшалары, сарғайған эндоспермі, глютинозды, эндоспермі сынған 
және жарылған дәндердің мөлшері бойынша жүргізеді.
Дән сұрыптауын стандарт талаптарына сай жармаларды алуды қам­
тамасыз ететіндей және бекітілген нормалар ішінде өнім шығымын 
қамтамасыз ететіндей, технологиялық қасиеттері мен оның сапасын 
есепке алып жүргізеді.


281
Есептеуді ұн зауытындағы ұн тарту партиясын есептеуіндей ұқсас 
жүргізеді.
Мысал.
Күріш дәнінің екі партиясы бар. Бір партияда қызыл жемісті 
және тұқымды қабыршақтар дәндері 1%, басқасында – 8%­ды құрайды. 
Осы дәндердің мөлшері 2% қоспаны құрастыру керек.
%
Сондықтан 85,8% бірінші партия дәндерін 14,2% екінші партия 
дәндерімен араластыру қажет.
12.4 Дәнді жармаға өңдеуіндегі өнім шығымын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет