301
Түсі.
Үлгінің бір бөлігін қара қағаз немесе қара тақта бетіне жұқалап
себеді және күндізгі шашыраңқы жарықта түсін анықтайды. Жарма түсі
оның тауарлық түрін көрсетеді. Жарманың әр түрі өзіне тән түске ие,
ол дәннің түріне, сапасы мен технологиялық үдерістердің жүргізілуіне
байланысты. Жарманы сақтаудың жағымсыз жағдайларында түсі өзгеруі
мүмкін.
Сұлы жармасы сұрсарғыш немесе бозсары түске боялған. Қарақұмық
жармасы сары немесе жасыл реңкті ақ түске ие, ал гидротермиялық
өңдеуден кейін әртүрлі реңкті қоңыр түске ие болады. Бұршақ жарма
-
сы өндірілген бұршақ типіне байланысты сары немесе жасыл түске ие.
Бұршақ жармасында басқа түсті ядро қоспалары 7%дан аспауы керек.
Жүгері жармасы өңдірілген дәннің түсіне байланысты ақ немесе сары
түсті болып келеді. Қатты бидайдан өңдірілген бидай жармасы сары (ян
-
тарлы) түске боялған. Арпадан алынған жарма сары немесе жасыл реңкті
ақ түске ие. Күріш жармасының түсі ақ болып келеді. Гидротермиялық
өңдеуге түскен дәннен алынған жарма кремді түсті болуы мүмкін.
Тарының түсі сары. Ашықсары түсті тары жақсы болып есептелінеді.
Ол жоғары дәмдік бағаға ие. Органолептикалық әдістен бөлек тарының
түсін анықтау үшін химиялық әдісті қолданады – тарыдағы кароти
ноидты пигменттер мөлшерін анықтайды.
Анализ жасау үшін жарма үлгілерінен массасы 8г өлшендіні бөліп
алады және оны 50 мл цилиндрге салады. Цилиндрде тығыздалған
тығын болуы керек. Өлшендіге суға қанықтырылған 40 мл қалыпты бу
-
тил спиртін құяды және 2430°С температурада 16 сағат тұндырады.
Тұндырудан кейін қоспаны қатпарлы сүзгіш арқылы сүзеді, цилиндрді
56 мл бутил спиртімен шаяды және сүзгішке төгеді. Сүзүден кейін
өлшем цилиндрінде фильтрат көлемін 40 млге дейін бутил спиртімен
жеткізеді, араластырады және көк түсті жарық фильтр 30мм кюветаны
қолдана отырып фотоэлектроколориметрде колориметрлейді.
Каротиноид концентрациясын (мг%) келесі формуламен есептейді:
мұндағы: V – каротиноидтердің бутил ерітіндісінің мөлшері, мл; h
2
– ко
-
лориметр көрсеткіші (сыналатын ерітінді); h
1
– колориметр көрсеткіші
(стандартты ерітінді); m – жарма өлшенді массасы, г.
Достарыңызбен бөлісу: